Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысы бойынша білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» РАББ атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Облыстағы барлық 648 мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығымен бекітілген Типтік оқу жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 және 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулыларымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар негізінде аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат көлемінде 1-11 сыныптан бастап оқытылады.

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің жалпы саны - 2271 адам. Тек қана «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын мұғалімдер саны - 363 адам. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 76 мұғалімнің дипломы бар. «Бөбек» ҰҒПББСО және «Өрлеу» БАҰО АҚ-нан 1173 мұғалімнің сертификаты бар. Басқа білім беру орталықтарының сертификатымен сабақ беретін мұғалімдер саны - 648 адам. «Өзін-өзі тану» РАБ бағдарламасы бойынша сертификаттары жоқ мұғалімдердің                   саны - 450 адам.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2019 жылғы                19 қыркүйектегі № 17-6-17/941-И хаты негізінде 2019 жылдың қазан-қараша айларында облыстың білім беру ұйымдарының жалпы санының 25% құрайтын 162 білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу мониторингісі өткізілді. Білім беру ұйымдарды таңдауы кездейсоқ іріктеу әдісімен тізімделінді.

«Облыстың білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды зерделеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2019 жылдың                       4 қазанындағы №553 бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес, Өңірлік жұмыс тобының мүшелері «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеуді жүзеге асырды. Мониторинг 2019 жылдың 9-11 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай, Көкпекті, Ұлан аудандарында, 14-16 қазан аралығында Жарма, Үржар, Абай, Қатон-қарағай, Тарбағатай аудандары мен Өскемен қаласында, 17-19 қазан аралығында Аягөз, Алтай, Күршім, Зайсан аудандарында және Курчатов қаласында 21-23 қазан аралығында Бородулиха, Шеманайха, аудандарында және Семей, Риддер қалаларындағы жалпы білім беретін орта мектептерде «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу жұмыстары бойынша жұмыс жүргізілді.

Мониторинг жүргізілген барлық мектептерге консультативті-әдістемелік ұсыныстар берілді.

2019 жылдың 14 қазаннан 20 желтоқсанға дейін «Бөбек» ҰҒПББО базасында «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы ұзақ мерзімді курстан 6 мұғалім өтті.

2020 жылдың 12 қаңтардан 8 наурызға дейін «Бөбек» ҰҒПББО базасында «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру курсынан 8 мұғалім өтті.

2020 жылдың 10 ақпаннан 17 сәуірге дейін «Бөбек» ҰҒПББО базасында «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы ұзақ мерзімді біліктілікті арттыру курсынан 10 мұғалім өтті.

2020 жылдың 18-22 мамыр аралығында «Бөбек» ҰҒПББО базасында «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы директорларға арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсынан 6 директор өту жоспарлануда.

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 6 қаңтарда Қатон-қарағай ауданының Қ. Дамитов атындағы орта мектебі базасында «Өзін-өзі тану пәнін оқыту сапасын арттыру жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинар-практикумға мектеп директорланының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Өзін-өзі тану сабағын өткізу әдістемесінің ерекшеліктері» тақырыбында Өскемен қаласы «№45 бағдарлы орта мектебі» КММ өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Бапаева Д.Д шеберлік сынып көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы №01-15-5-12/238-И хатына сәйкес 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік облыстың барлық білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелерде жоспарлы түрде өткізілді. 2020 жылдың 12 ақпанында 5-11 сынып оқушылары арасында «Сүйіспеншілік-өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ берілді.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 12 ақпанында «Шығыс» өңірлік орталығының базасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша өңірлік жұмыс тобының отырысы өтті.

Онлайн-отырыс жұмысына өңірлік жұмыс тобының мүшелері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдіскерлері, жалпы білім беру ұйымдарының директорлары, өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты.

Отырыста «Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайын зерделеу қорытындысы» туралы мәселе қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша әдістемелік кабинет меңгерушілерімен, облыстық мамандандырылған мектептердің директорларына, білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, өзін-өзі тану мұғалімдеріне «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша ұсыныстар берілді.

Директордың орынбасары А. Исаев

Дата публикации
20 марта 2020
Дата обновления
20 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы