Шығыс Қазақстан облысының жергілікті басқару органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
Кері байланыс каналдарының ерекше ұтымды тұсы- жергілікті атқарушы органдардың қызметін электрондық бағалау: Өтініш беруші жауап алғаннан кейін, оны дайындау кезінде формальды тәсілді болдырмау үшін өтініш берушінің нәтижеге қаншалықты қанағаттанғаны туралы сауалнама жүргізіледі.
Сонымен қатар өтініш беруші өз өтінішін қарау мәртебесін www.1331.kz. порталы арқылы қадағалай алатын мүмкіндігі бар.
Өтінішті қарау мерзімдері барынша қысқартылған және заңнамада белгіленген 15 күнтізбелік күннің орнына тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайды. Егер қарау үшін өзге субъектілерден қосымша ақпарат алу талап етілсе – күнтізбелік 22 күннен аспайтын тәртіп орнатылған.
Жеке қабылдау: кеңес алу үшін немесе әкімдікке, облыстық басқармаларға сұрақ қою үшін Қоғамдық қабылдаудың фронт-офисіне жеке келуге болады. Фронт-офистің жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін.