Облыста партисипаторлық (бастамашылық) бюджеттеу қағидаттары «халықтық қатысу бюджеті» жобасы арқылы іске асырылады. Бұл жоба облыстық маңызы бар 4 қалада (Өскемен, Риддер қалалары) іске асырылады және азаматтардың бюджет процесіне қатысуын кеңейту құралдарының бірі болып табылады. «Халықтық қатысу бюджеті» аясында қаланың кез келген тұрғыны мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы арқылы жобаны қалалық әкімдікке ұсына алады.
Қала әкімдіктері тұрғындардың жобалық ұсыныстарын қарау, іріктеу және шешім қабылдау үшін сараптамалық кеңестер құрды, олардың жеке құрамы мен қызмет тәртібі анықталды, үлгілік жобалық ұсыныстар әзірленді. Келіп түскен өтінімдерді сараптамалық кеңес талдайды, содан кейін ашық дауыс беру жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша жобалар іске асырылады.