«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» «еGov mobile» мобильді қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисін іске асыру жұмыстары іске асырылды. Сервис азаматтарға құжаттарды (жеке куәлік, туу туралы куәлік және т.б.)мобильді қосымша арқылы, электрондық форматта қарауға, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.
Құжат ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) иесі – заңды тұлғаға берілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде жасалады.
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңының 34-бабының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алу үшін, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде қажетті электрондық құжаттар, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық құжаттар сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабының 6-тармағына сәйкес, электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің және өзге де ақпараттық жүйелердің мәліметтері негізінде қалыптастырылады.
Осылайша, «eGov mobile» мобильдік қосымшасында көрсетілетін құжаттар қағаз жеткізгіштегі мәні бірдей құжаттар болып табылады, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылуы мүмкін.

