Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

Ескерту: Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Шарт жасау бойынша талаптар

  1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жазбаша нысанда жасалады және жергілікті атқарушы органда оны есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі.
  2. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуды жергілікті атқарушы органының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының негізінде жүзеге асырады.
  3. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасу мақсатында жүгінген жеке және заңды тұлғаларға танысу үшін құрылыс объектісі туралы толық ақпаратты ұсынады.
  4. Уәкілетті компания ақпаратты толық және анық бермеген жағдайда, үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

Ескерту:

- шарттарды жасау және үлескерлердің ақшасын тартудың басқа тәсілдеріне тыйым салынады;

- Құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар Бірыңғай оператормен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергеннен кейін ғана жасалатындығын көрсете отырып, көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жарнамасын жүзеге асыруға құқылы. Жарнамада құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Үлескердің құқықтары мен міндеттері

  1. Үлескер:

1) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңның 22-бабында айқындалған ақпаратты алуға;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге;

3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уәкілетті компанияның тиісінше орындауын талап етуге құқылы.

  1. Үлескер:

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол емес тәртіппен ақша салуға;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға;

3) көппәтерлі тұрғын үйді тіркелген пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлескер уәкілетті компаниядан хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесін беру туралы шартқа қол қоя отырып, көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға;

4) іс жүзіндегі мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.

  1. Уәкілетті компания құрылыстың барысы мен сапасына бақылауды қамтамасыз ету бойынша жауапты болады.

2.1. Уәкілетті компания үлескерлермен жасалған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта айқындалған талаптарда көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы үшін енгізілген ақшаға билік етеді және мыналар:

1) үлескерлер ақшасының нысаналы және уақтылы пайдаланылуы;

2) объектіні салу кезінде нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтау;

3) пайдаланылатын құрылыс материалдарының, конструкциялардың, жабдықтардың сапасы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;

4) объектіні пайдалануға тапсыру мерзімдері;

5) үлескерге оның үлесін беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген жауаптылықта болады.

2.2. Уәкілетті компания қойылған біліктілік талаптары арқылы мердігерді (бас мердігерді) таңдау үшін жауапты болады.

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы