Меню

Страницы

Статья

Әкімшілік іс жүргізу бойынша шағым берудің жаңа тәсілдері туралы

           Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің» (ӘІЖБТ) Жария секторы арқылы әкімшілік процеске қатысушылар үшін кері байланыс функционалы іске асырылды.

           Бұл функционал процеске қатысушыларға ыңғайлы болу үшін және уақытты үнемдеу мақсатында құрылған. Оның көмегімен әкімшілік іс бойынша өтінішті немесе шағымды (жүгіну) тікелей оны қараған органға беруге және уақтылы жауап алуға болады.

           Өтініштер Qamgor.qov.kz ақпараттық қызметінің «Әкімшілік құқық бұзушылық үкімдеріне шағым түсіру» бөлігінде беріледі. Кейін пайдаланушы ӘІЖБТ – бұқаралық секторы платформасына өтеді.

           Өтінішті тек әкімшілік процеске қатысушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) бере алатынын ескеру керек. Өтініш сақталғаннан кейін, ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына ӘІЖБТ ақпараттық жүйесіне түседі. Функционал мәселенің мәнін баяндауға және іс бойынша растайтын құжаттарды тіркеуге мүмкіндік береді. Шағымды қарау нәтижелері ӘІЖБТ жария секторының жеке кабинетінде көрсетіледі.

           Пайдаланушының шағымдарды авторизациялау және шағым түсіру жөніндегі қадамдық нұсқаулығы Qamqor.gov.kz ақпараттық қызметінің «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағымдану» бөлігінде орналастырылған.

           Сонымен қатар әкімшілік іс жүргізу шеңберінде мәліметтер алу бойынша Qamgor.qov.kz қызметінде кейбір пайдаланушы қызметінің функциялары жақсартылған.

           Бүгінгі таңда өндіріске қатысушылар әкімшілік іс жүргізуді қарау немесе шағымдану кезінде іс материалдарымен, атап айтқанда айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымдармен, бейнекамералармен тіркелген ҚР ЖҚЕ бұзушылықтары бойынша фото және бейне материалдармен, сондай-ақ оларды жүктеу мүмкіндігі бар іске тіркелген файлдармен таныса алады.

                                                                                                                                                                                                                                                                         Қазақстан Республикасы

                                                                       Бас прокуратурасының

                                                                       Құқықтық статистика және

                                                                       арнайы есепке алу жөніндегі

                                                                       комитетінің Шығыс Қазақстан

                                                                       облысы бойынша департаменті

 

#ЗаңменТәртіп

Дата публикации
12 ноября 2025
Дата обновления
12 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Выборы депутатов маслихатов -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026
23 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 01.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы