Меню

Страницы

Статья

Қаржы басқармасы.

Бекітемін

ШҚО қаржы басқармасының басшысы

_________________ Большакова С.В.

2025 жыл _________

 

ШҚО қаржы басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі

 

 

№ р/б

Тәуекел индикаторы/сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Іс-шара

Аяқтау пішіні

Жауапты орындаушылар

Аяқталу мерзімі

 

Бірінші бағыт - Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1

Бағыт: құқықтық-лингвистикалық белгісіздік

Индикатор: түсініксіз немесе екі мағыналы және осылайша заңсыз түсіндірулерге мүмкіндік беретін позициядағы тұжырымдама

1.1

2025 жылға арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 30.05.2025 ж. № 272 бұйрығында (бұдан әрі – қағидалар) жарияланым мәтіндерінің орыс және мемлекеттік тілдерде сәйкес келмегені анықталды, бұл заңсыз түсіндірулерге жол береді.

Ереженің мәтініне түзетулер енгізу туралы ҚР Қаржы министрлігіне хат дайындау.

хат

Шахметова А.С.

31.10.2025 ж. дейін

2.

Бағыт: құқықтық-лингвистикалық белгісіздік

Индикатор: бірдей құбылыстарды әртүрлі терминдермен белгілеу

2.1

"Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 ж. №212 бұйрығында терминдер, ұғымдар, сөз тіркестері немесе семантикалық (мағыналық) сипаттағы тұжырымдар жеткілікті дәл сипатталмаған. Тұжырымдамалардың ұқсастығына байланысты жалға алушылар көбінесе тамақтануды ұйымдастыру қызметтеріне қатысты белгіленген коэффициенттермен келіспейді. Мысалы: "пациенттерді тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері","тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері" деп шатастырады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері бойынша қызмет түрін саралау және нақтылау бөлігінде Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде хат дайындалсын.

хат

Хамидуллина А.С.

31.10.2025 ж. дейің

 

Екінші бағыт - Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

3

Бағыт: ұйымдық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

Индикатор: талдау объектісінің қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтиды

3.1

Қызметкерлердің жеке істеріндегі мәліметтерге талдау жүргізу кезінде жақын туыстары болып табылатын екі мемлекеттік қызметшінің басқармада жұмыс істеу фактісі анықталды. Қызметкерлер қиылыспайтын функцияларды жүзеге асыратын әртүрлі құрылымдық бөлімшелерде жұмыс істейді және өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өзара іс-қимыл жасамайды, мүдделер қақтығысы болмайды.

Барлық мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы тікелей басшыға жазбаша нысанда хабарлау міндеті туралы норма бар.

Мүдделер қақтығысының туындауы мәселелері бойынша басшылыққа жазбаша өтініштер болған жоқ, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қаржы басқармасы құрылымы өзгерген және басқарма ішінде туыстық байланысы бар қызметкерлерді ауыстыру кезінде кадрлық тағайындау мәселелерін тұрақты бақылауға алуы қажет

 

бақылау

Нуралдина А.К.

үнемі

 

Дата публикации
31 октября 2023
Дата обновления
02 октября 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы