Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру жобаларын іске асыру басрысы туралы ақпарат

Аймақта цифрландыруға үлкен назар аударылады, салалық бағыттар бойынша жобалар жүзеге асырылады.

«Ақылды» кала дамыту рейтингісі бойынша Шығыс Қазақстан облысы 2019 жылы 12 орынды алды, қол жеткізу деңгейі 45%. Талдау критерийлері жүргізілді, жылдың соңына дейін қол жеткізу деңгейі 80% төмен емес механизмдері іске қосылды. 5 ай ішінде орташа көрсеткіш 57,2% құрады.

«Қаланы басқару» саласында түйінді жоба Ведомствоаралық бірыңғай ахуал орталығының құрылуы – бұл тұрғындардың өмір сүру сапасына бағытталған жол жүру қозғалысының қауіпсіздігін, көліктің, әлеуметтік нысандардың, жедел және коммуналды қызметтердің, геоақпараттық жүйелердің кешені, ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының бірыңғай тәсілі.

223 жұмыс орны құрылды. 5 ай ішінде орталықтың қызметтерімен 39 мың өтініш қабылданды, 9000 қоңыраулар өңделді, 140 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Азаматтардың жауапкершілік динамикасының оң серпіні байқалады, жол-көлік және әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны азайды.

Төтенше жағдай кезеңінде әзірленген сервистер: автокөліктер үшін рұқсаттама алуға тапсырыс беретін Руксат.kz порталы, «Сергек-бақылау бекеті» жүйесі үшін деректер базасы, бейнелеу үшін және деректерді талдау және әлеуметтік нысандар бойынша интерактивтік цифрлық карта.

Рұқсаттамаларды беру кезінде тапсырысты беру уақыты бір күннен 10 минутқа қысқартылды, адамдар көп жиналатын жерлерде халықтың рұқсатсыз жүріп-тұруы және инфекцияны жұқтыру қауіпі азайтылды.

Облыс әкімінің Ахуал орталығы ағымдарды 11 қызмет салалары бойынша қауіпсіздіктен бастап туризмге дейінгі бірыңғай талдамалық платформаға құрастырады, 3000 көрсеткіштер, 62 кейс, 20 жүйе аралық ықпалдастыру.

Автоматтандырылған деректер жинау алынды, есептілікті дайындауға және өңдеуге аз шығындар.

«109» қызметі жұмыс істейді, шамамен 25 мың қоңыраулар қабылданды. КВИ күрес бойынша шектеу шаралары аясында «109» қызметінің операторлары әлеуметтік-қорғалатын санаттағы азаматтар үшін тауарларды тегін жеткізуге тапсырыстар қабылдады. Өтініштерді қабылдау бойынша бірыңғай ықпалдастыру платформасының 11 сервисі құрылды,  39 мыңнан астам өтініштер тіркелді. SMS-хабарлама арқылы кері байланыс үшін сапаны бағалау сервисі енгізілді.  

«109» қызметі және 1331 желісі ТЖ режимінде КВИ мәселелері бойынша түсіндірмелер үшін тартылды, барлығы 10 мың. қоңырау түсті.

Бос жер учаскелерінің геоақпараттық порталы құрылды, 24 цифрлық қабатты құрайды. 2019 жылы 8 қала цифрландырылды (Өскемен, Семей, Риддер, Аягөз, Шемонаиха, Серебрянск, Зайсан, Алтай).

Бүгінде порталға 25 млн. өтініш тіркелген, 26 мың. келушілер, инженерлік желілермен қамтамасыз ету 87% құрайды. 

2020 жылдың аяғына дейін барлық облыс цифрландырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 1 мамырына 2,08 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде электрондық форматта 1,8 млн., бұл 89,1% құрайды.

Өңірлік Электрондық қызмет орталығы жаңғыртылды, ұялы жұмыс нұсқасы, 6 қызмет автоматтандырылған бизнес-процестер. Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Облыс бойынша 552 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды.

Ағымдағы жылы шалғайдағы ауылдық елді мекендер үшін 3 Электронды қызмет көрсету орталығы ашылды (Катон-Карағай ауданының Үрүл ауылы, Көкпекті ауданының Самар ауылы, Аягөз ауданының Ақтоғай ауылы), 2020 жылдың 1 тамызында қосымша 13 орталық ашылады.

Жылдың соңына дейін электрондық қызметтің аймақтық жүйесі «электронды үкімет» веб-порталымен және ҚР ҒБМ мемлекеттік қызметінің жүйесімен ықпалдастыруы жүргізілетін болады, бұл қызмет көрсетуші бэк-офис функционалын дамытуға мүмкіндік береді.

Өскемен қаласының фото, бейне тіркеу және бейне талдау жүйесі аясында «Сергек» АБК 3 928 камерасы қосылды, бұзушылықтарды тіркеу 159 қиылыста және жиелік учаскелерде тіркеледі. «Қауіпсіз аула» жобасы бойынша 2 504 камерлар және әлеуметтік нысандарда 2 843 камера орнатылған.

Жылдың басында 3 395 әкімшілік құқық бұзушылық және 43 қылмыстар ашылды. Қоғамдық орындардағы қылмыстар 33,3 % , қала көшелеріндегі қылмыстар 35,8 %  азайды, жол-көлік оқиғаларының бөлігі  28,2 % азайды.

КВИ күрес бойынша Жедел әрекет ету штабында, «Сергек» бейне камералары көмегімен Өскемен және Семей қалаларының бақылау бекеттерінде жедел мониторинг өткізілді, полиция қызметкерлерінің планшеттерінде «Сергек-бақылау бекеті», «Сергек-патруль» ұялы қосымшасы жұмыс істейді.

112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметімен 173 мың қоңыраулар қабылданды.

Біз қызметтердің жұмысының тиімділігін кешенді талдауына келдік, оқиғаға бірлесіп әрекет ету уақыты қысқарды, азаматтардың сенімі артты.

Білім беру саласында компьютермен және Интернет желісімен жабдықтау 100%, 648 IТ-сыныптары ашылды, сандық білім ресурстарымен және Kundelik.kz жүйесімен қамтылуы 100%. Бала-бақшалармен және 1-сыныпқа кезектілігі мен бағыттамалары автоматтандырылған.

«Jastar Time» инновациялық орталығы ашылды.

2019 жылдың қарашасында StartUp байқауының қорытындысы жүргізілді (15 номинанттар, жалпы соммасы 12, 4 млн. теңге гранттар бөлінді), I облыстық «Алтай» Хакатонының жеңімпаздары әрі қарай дамуларына 2 млн. теңге сомасына сертификат алды.

Денсаулық сақтау саласында 99% денсаулықтың электрондық куәліктерімен қамтылған. Интернет желісіне қолжетімділік денсаулық сақтау нысандарының 95% құрайды. Халықтың интернет-белсенділігі ұялы қосымшасымен қамтылу пайызы 75%.

«Senymdy dariger» жобасы енгізілді.

Семей қаласының көлік саласында «Avtobýs» электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылды. «Bus Report» бағдарламасының көмегімен бағыттардағы әр автобустың шығуы және қоғалыс мониторингісі жүргізіледі.

Өскемен қаласы бойынша 2020 жылдың 1 қазанында қоғамдық көліктерде автоматтандырылған бақылау және жолақы төлеу жүйесі іске асырылады.

1,7 млрд. теңге МЖС келісім-шартына қол қойылды.

«Құрылыс бақылау» порталы базасында МСҚБ функцияларын қадағалауы автоматтандырылды.

Ағымдағы жылы, «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп (МЖС арқылы қаражаттандыру қарастырылуда), «SmartCity» аясында, облыс қалалары деңгейінде сандық шешулер кешенді түрде жүзеге асырылатын болады,:

- Аймақты бірыңғай бейнебақылау платформасы;

- Семей қаласының Интеллектуалды көлік жүйесі;

- Smart Ridder;

- Smart Kurchatov;

- Ахуалдық орталықтың мүмкіндіктерін кеңейту үшін Big Data ұялы операторларын қолдану.

Өнеркәсіпті цифрландыру

Аймақтың өнеркәсіптерімен 4.0. Индустрия элементтерін қолдана отырып технологиялық өндірістерді жаңғырту жүргізілуде. 2025 жылға дейін цифрлық технологияларды енгізу бойынша жалпы бағасы 17,5 млрд. теңгені құрайтын 21 жобаны іске асыру жоспарлануда (жобалар өз қаражаттары есебінен қаржыландырылады).

Қазіргі уақытта 6 өнеркәсіп сандық технологияларды пайдаланады («Казцинк» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС, «KAZMineralsAktogay» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты», «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС).

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда өткен кезеңінде 11 жоба аяқталды (жалпы бағасы – 11 млрд. теңге), соның ішінде 2019 жылы 9,5 млрд. теңге сомасында 6 жобалар.

2020 жылы жалпы сомасы 2,3 млрд. теңге 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. (Казцинк» ЖШС, «УМЗ» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ және «КЭМОНТ» АҚ).

Үш кәсіпорын жалпы сомасы 4,2 млрд. теңге 4 жобаны жүзеге асыруда, аяқталу мерзімі 2021–2025 ж.ж. («Казполиграф» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Казцинк» ЖШС).

Дата публикации
12 июня 2020
Дата обновления
12 июня 2020
Тип
Статистика

Сейчас читают

21 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы