Меню

Страницы

Статья

Аң аулайтын құстарды тіркеу

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеу, оларға төлқұжат беру және микрочиптермен таңбалау жүргізіледі.
«Еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеу туралы нұсқаулыққа» сәйкес жыртқыш құстар тіркелген питомниктердің, зоологиялық коллекциялардың иелерінен, басқа да заңды иелерден алынады, не АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті берген рұқсаттар бойынша табиғи ортадан алынады.

Жыртқыш құстарды қолда ұстау үшін аумақтық орман және аңшылық шаруашылығына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жыртқыш құсты қолда ұстауға өтініш, өтніште жыртқыш құстың түрі, еріксіз ұстау мақсаты, ұстаудың болжамды мерзімі, құс ұстауға арналған жағдайдың болуы, өтініш берушінің толық төлқұжаттық деректері мен мекенжайы көрсетілуі керек;
2) аңшы куәлігі (аң аулау мақсатымен жыртқыш құстарды қолда ұстауға рұқсат алу үшін);
3) жеке басының куәлігі (төлқұжаты), (заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі).

Аумақтық басқарма жыртқыш құстарды ұстауға арналған жағдайды, құстармен қарым- қатынас жасауға білімі мен дағдысын бағалайды. Аумақтық басқарманың өтініш берушіге берілген жыртқыш құсты ұстауға келісімі жырқыш құсты қолда ұстаудың мақсаты, түрі, саны көрсетіліп мөрмен куәландырылған фирмалық бланкіде ресімделеді.
Жыртқыш құсты алғаннан кейін немесе табиғи ортадан алынғаннан кейін, ол 10 күн ішінде аумақтық басқармада тіркелуі керек. Басқармада жыртқыш құсты тұрақты ұстаудың және оны тіркеудің заңдылығын куәландыратын Жыртқыш құстың төлқұжаты ресімделеді. Төлқұжат өтініш берілген кезден бастап 10 күннен кешіктірмей беріледі.

Жыртқыш құстың төлқұжатын ресімдеу үшін аумақтық басқармаға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш, онда жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы, еріксіз ұсталу мақсаты, ұсталатын болжамды кезеңі, құс ұсталған жер және оны ұстау тәсілі, жыртқыш құсты ұстап алудың заңдылығын растайтын құжаттың нөмірі мен күні, егер бар болса, құстың өзіне тән белгілері, сақиналары мен микрочиптерінің болуы, құсты қолда ұстауға арналған жағдайдың болуы, өтініш берушінің төлқұжаттық деректері мен мекенжайы көрсетілуі тиіс;
2) жыртқыш құсты қолда ұстаудың заңдылығын растайтын құжаттар немесе бұрнғы иесінің атына ресімделген Жыртқыш құстың төлқұжаты;
3) аңшы куәлігі (аң аулау мақсатында қолда ұстауға арналған Жыртқыш құстың төлқұжатын алу үшін);
4) жеке басының куәлігі (төлқұжаты), (заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі).

Аумақтық басқарма құстардың түрінің (жынысының, жасының) және сипатының, олардың таңбаларының сәйкестігін, қажет болса- құстарды қолда ұстауға арналған жағдайдың болуын тексереді. Тұрақты ұстауға арналған жыртқыш құстар шешілмейтін сақиналармен не микрочиптермен таңбалануға тиіс. Жыртқыш құстарда таңба болмаған жағдайларда аумақтық басқарма жыртқыш құстардың иелерінің есебінен микрочиптермен таңбалауды ұйымдастырады.
Тіркелген аң аулайтын құстарды аң аулауға пайдаланған жағдайда аңшы куәлігіне жыртқыш құстың түрі, сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, Жыртқыш құстың төлқұжатының нөмірі, ал жыртқыш құсты уақытша қолда ұстаған кезде аумақтық басқарма куәландырған ұстау мерзімі жазылады.
Жыртқыш құстың тұрғылықты жері ауыстырылған немесе иесі өзгертілген кезде, жыртқыш құстың иесі жыртқыш құстың төлқұжатын қайта ресімдеу үшін 10 күн мерзімде аумақтық басқармаға өтініш береді. Жыртқыш құстың иесі оны аумақтық басқармамен келісімі бар басқа адамға беруге (сатуға, сыйлауға, айырбастауға) құқылы. Жыртқыш құс жаңа иесіне төлқұжатпен бірге беріледі.
Жыртқыш құс опат болған жағдайда ветеринарлық қадағалау органы мен аумақтық басқарма өкілдерінің қатысуымен тұрғылықты жер бойынша кесім жасалады (қажет болған жағдайда ветеринарлық сараптама жүргізіледі) және аумақтық басқармаға беріледі.
Жыртқыш құсты аң аулау кезінде жоғалтқан жағдайда құстың иесі акт жасайды және оны соңынан аумақтық басқармаға тапсырады. Аталған жағдайлардың бәрінде опат болған Жыртқыш құстың төлқұжаты аумақтық басқармаға тапсырылады.
Осы Нұсқауда белгіленген тәртіпте ресімделмеген жыртқыш құстар заңсыз ауланған деп есептеледі.

Біздің мекенжайымыз: Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40- үй, екінші қабат, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі, телефон 26-32-28.

Дата публикации
04 июня 2020
Дата обновления
04 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы