Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасында аңшы иттеріне тіркеу жүргізіледі. ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 129 бұйрығымен бекітілген Аңшы иттерді тіркеу ережесіне сәйкес, аңшы иттерге аң аулайтын алқаптарда жабайы аңдар мен құстардың ізіне түсу және аулау үшін пайдаланылатын алты айға толған барлық асыл тұқымды және тексіз иттер жатады.
Тіркеуден өту үшін мынадай құжаттарды тапсыру керек:
1) барлық иттер үшін (асыл тұқымды және тексіз иттер)- ветеринарлық клиникаларда учаскелік дәрігерлер берген және белгіленген үлгідегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторлар куәландырған иттің төлқұжаты;
2) асыл тұқымды аңшы иттері үшін- аңшы иттермен тұқымын асылдандыру жұмысын жүргізетін кинологтар клубтары, олардың қауымдастықтары, аңшылар қоғамдары беретін Аңшы иттің шығу тегі туралы анықтама немесе Аңшы итке берілетін куәлік.
Аңшылармен бірге аң аулаутын жерлерде болатын барлық иттер тіркеуден өтуі қажет екенін естеріңізге саламыз. Тіркеуден өтпеген иттер қаңғыбас иттер деп танылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Біздің мекенжайымыз: Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40- үй, екінші қабат, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау бөлімі, телефон 26-32-28