Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы қаршаналар мен квадроциклдердің және басқа да жоғары өтімді арнайы машиналардың иелерін ҚР АШМ Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы Мемлекеттік техникалық инспекциясының қалалық және аудандық бөлімшелерінде осы машиналарға тіркеу жүргізілетіні туралы хабардар етеді.
Тіркеу үшін тіркеу орындарына мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
1) өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін- көлік иелерінің тұрғылықты жері мен жеке
басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері, заңды тұлғалар үшін- статистикалық картаның, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелері;
3) мемлекеттік тіркеу, машинаны тіркеу құжаты, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, қайта тіркелгені және машинаны тіркеу құжатының дубликаты берілгені үшін алым төленгені туралы құжат (түбіртек);
4) машинаның өзін (жарамсыз деп танылмаса, есептен шығарылмаса);
5) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар (сату- сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру келісім- шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; машинаны қабылдау- беру актісі, анықтама- шот, кіріс кассалық ордердің түбіртегі, сот шешімі, сатып алғанын, сондай- ақ машиналардың ҚР кедендік аумағына әкелгендігін растайтын құжаттардың (ЖКД) түпнұсқалары, нотариалды тәртіппен куәландырылған мұрагерлік құқығы туралы құжат, заңды тұлғаның машинаны жеке тұлғаға беру туралы бұйрығы және басқа да құжаттар).
6) жаңа және қолдан құрастырылған немесе ҚР аумағына әкелінген машиналарға берілген ҚР- ның сәйкестік сертификаты немесе қауіпсіздік техниекасының белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын басқа құжат;
7) егер машина шетелден сатып алынса, кеден жүк декларациясы және құжатты берген кеден органдарымен куәландырылған кедендік құжаттардың көшірмелері.