Меню

Страницы

Статья

"Қаратал Құмы" мемлекеттікботаникалық қаумалы

Республикалық маңызы бар «Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалы.

«Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи (ботаникалық)  қаумалы 1986 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69 қаулысымен құрылған (Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 19.06.92 ж.

 № 537 қаулысымен күші жойылды.). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.06.2001 ж. № 877 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.07.2005 ж. № 746 Қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысымен қайта құрылған, қолданылу мерзімі-   мерзімсіз.

Ұйымдастырылу негізі: «Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи (ботаникалық)  қаумалы шағыларалық ойпауыттарда өскен шырғанақтың реликті қалың бұталарын қорғау, сақтау және қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауына берілген. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысы).

Қаумалды қорғауды Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Зайсан орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысы).

«Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи (ботаникалық)  қаумалының орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, «Орман шаруашылығының Зайсан мемлекеттік мекемесі» ММ-нің мемлекеттік орман қоры жерлері, Қаратал орманшылығы, «Қаратал құмы» орман саяжайы, 34-52 орам.

«Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалының жалпы алаңы 1300 га- ны құрайды.

«Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жай- күйін айқындайтын индикаторлық түрі - Итшомырт тәрізді шырғанақ – Hippophae rhamnoides.

 «Қаратал құмы» мемлекеттік табиғи (ботаникалық) қаумалында тарихи- мұра объектілері жоқ.

Дата публикации
04 июня 2020
Дата обновления
04 июня 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

21 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы