Меню

Страницы

Статья

Тарбагатай мемлекеттікзоологиялық қаумалы

Ұйымдастырылу негізі: Тарбағатай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы сирек және жойылып бара жатқан жануардың, сондай- ақ ғылыми, мәдени және шаруашылық жағынан бағалы Арқардың (Казақстан арқары - Ovis amon Linnaeus) санын сақтау және қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған; меншік иелерінен және пайдаланушылардан алынып қойылмаған жер учаскелерінде құрылған. Тарбағатай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы кәсіпшілік, сирек және жойылып бара жатқан түр-  Арқарды (Казақстан арқары - Ovis amon Linnaeus) табиғи қалпында сақтайтын орын және   осы түрдің санын қалпына келтіру мен оларды ары қарай шектес аумақтарға тарату қоры болып табылады.

Белгіленген режим – тапсырыс, қорғау режимінің міндеттері - Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңын сақтау.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану турлері:

  1. Шектелген ауыл шаруашылық қолдану;
  2. Ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсатында пайдалану.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауына берілген. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2006 ж. № 1074 Қаулысы).

Тарбағатай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Тарбағатай әкімшілік аудандарында орналасқан, Маңырақ тау жоталары мен тауаралық Шілікті ойпатын толығымен алып жатыр.

Тарбағатай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының жалпы алаңы 240 000 га- ны құрайды.

Тарбағатай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағында жануарлар дүниесінің индикаторлық түрі Арқар (Қазақстан арқары  - Ovis amon Linnaeus) болып табылады.

Тарбағатай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы аумағында Тайжүзген өзенінің сол жағалауындағы «Сарықамыс» бастауының ойпатында Шығыс Қазақстан облыстық халық депутаттары советі атқару комитетінің 1982 жылғы 11 қарашадағы № 593 шешімімен құрылған алаңы 2,0 га «Алаулы адырлар» облыстық маңызы бар табиғат ескерткіші орналасқан.

Елді мекендердің жерлері:

Зайсан ауданы – Дауал ауылы, Кемпірбулақ ауылы, Шілікті ауылы;

Тарбағатай ауданы- Қарасай ауылы, Тасбастау ауылы.

 «ЕҚТА туралы» 2006 жылғы 07 шілдедегі № 175-ІІІ ҚР Заңының 69-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына және 3-тармағына сәйкес:

Тарбағатай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалында аң аулауға,балық аулауға, жабаайы жануарларды кез-келген тәсілмен және құралмен олжалауға, өгей өсімдіктер мен жануарларды жерсіндіруге, ұяларды, індерді, апандарды және басқа мекендеу орнын бұзуға, жұмыртқа жинауға және жануарлардың қырылуын тудырған немесе тудыратын басқа да әрекеттерге тыйым салынады.

Тарбағатай мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы ғылыми, экологиялық- ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланылады.

Жер учаскелерінің меншік иелері және жерді пайдаланушылар мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзетудің қорықтық  режимімен белгіленген шектеулерді сақтай отырып шаруашылық қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Дата публикации
04 июня 2020
Дата обновления
04 июня 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы