Қысқаша түсініктеме
Халықтың көші-қоны – адамдардың (көшіп-қонушылардың) тұрғылықты тұратын жерін (ТТЖ) ауыстыруына байланысты аумақтың (елдің, облыстың, ауданның, округтің, елді мекеннің т.б.) шекарасы арқылы қозғалысы.
Көшіп-қонушы – ТТЖ өзгерту мақсатында мемлекеттік немесе әкімшілік шекара арқылы аумақтық орын ауыстыруды жасаған тұлға (азамат, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға).
Сыртқы көші-қон – ТТЖ өзгерту мақсатында елдің мемлекеттік шекарасынан өтумен байланысты орын ауыстырулар.
Ішкі көші-қон - ТТЖ өзгерту мақсатында елдің әкімшілік шекарасынан өтумен байланысты орын ауыстырулар. Ішкі көші-қон өңіраралық және өңірішілік болып бөлінеді.
Келгендер – осы аумаққа оның шекарасынан тыс жерлерден тұрғылықты тұруға келген тұлғалар (көшіп-қонушылар).
Кеткендер – осы аумақтан оның шекарасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен тұлғалар (көшіп-қонушылар).
Көші-қон айырымы – аумаққа көшіп келгендер саны мен одан көшіп
кеткендердің саны арасындағы айырмашылық.
Тұрғылықты жері – тұлғаның тұрғылықты немесе басым көп тұратын жері: тұрғын үй, пәтер, арнайы үйлер (қонақ үй, жалғызбастыларға және кәрілерге арналған арнайы үй, мүгедектерге, ардагерлерге арналған үй-интернатй, жатақхана).
Республика аумағына келген, сондай-ақ одан кеткен тұлғалар саны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік дереккөздерінен келу/кетуді статистикалық есепке алу талондары түрінде ай сайын белгіленген мерзімде келіп түсетін деректерді өңдеу нәтижесінде анықталады. Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқы және ішкі орын ауыстырулары бойынша өңірлік Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың сыртқы және ішкі орын ауыстырулары бойынша ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменттері арқылы беріледі. Деректер қала мен ауылдық мекендер, жынысы мен жасы, келген және кеткен өңірілері мен көші-қон ағынының бағыттары бойынша жіктеледі.
ІІД Көші-қон полиция басқармасының сенім телефоны-23-42-92
«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысына 631 адам немесе белгіленген квотаның 100% қабылданған, оның ішінде: жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар саны - 372 адам, қандастар саны - 259 адам.
Қоныс аударушылар қатарынан облысқа 372 адам (128 отбасы) көшіп келді, оның ішінде: Алматы облысынан 68 адам (24 отбасы), Түркістан облысынан 99 адам (31 отбасы), Жамбыл облысынан 37 адам (12 отбасы), Шымкент қаласынан 25 адам (8 отбасы), Алматы қаласынан 48 адам (20 отбасы), Астана қаласынан 23 адам (8 отбасы), Қызылорда облысынан 38 адам (10 отбасы), Жетісу облысынан 34 адам (15 отбасы).
Қандастар қатарынан облысқа 259 адам көшіп келді, оның ішінде: Қытай Халық Республикасынан 37 адам (16 отбасы), Монғолиядан 218 адам (64 отбасы), Ресейден 3 адам (3 отбасы), Өзбекстан Республикасынан 1 адам (1 отбасы).
Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларына қолданыстағы заңнамаларда көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, жалпы 455,9 млн. теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде 136,4 млн. теңге көшіп келу шығындарын, 17,7 млн.теңге тұрғын үй жалдау және коммуналдық шығындарын өтеуге жұмсалды.
2023-2025 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы шеңберінде тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде шығындарды өтеуге құқық беретін экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру бөлігінде халықтың ішкі ұтқырлығын ынталандыру көзделген.
Квотаға енгізілген азаматтарға экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2023 жылы 90 отбасыға тұрғын үй сатып алуға 302 млн. теңге сомасына құны 4 млн. теңге экономикалық ұтқырлық сертификаттары берілді.
Жалпы, өңірімізге 2023 жылы көшірілген адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде жұмысқа орналастыру, бала бақша және мектептердегі бос орындармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шараларымен қамту бөлігіндегі міндеттемелер жергілікті атқарушы органдар тарапынан толық орындалғандығын атап өткен жөн.
2024 жылға қоныс аудару квотасы 641 адамды құрайды, оның ішінде: 372 қоныс аударушы, 269 қандас. Қоныс аударушыларды ұтымды қоныстандыру және анклавтарды құруға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылы Өскемен қаласында, Ұлан және Зайсан аудандарында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның 05.01.2024 ж. шешіміне сәйкес қандастар үшін квота берілмейді.