Меню

Страницы

Статья

Елді мекендерді абаттандыру

ҚТҚ

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес облыста «ӨКМ Операторы» ЖШС-мен бірге қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу бойынша шаралар қабылдануда.

2020 жылдың қаңтарында «ӨКМ Операторы»ЖШС-мен бірге қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды жүзеге асыру жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді. «ӨКМ Операторы» ЖШС, экология министрлігі және қалалардың әкімдіктері арасында өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді қабылдау туралы үшжақты келісімдерге қол қойылды.

2020 жылдың қарашасында жауапты ұйымдар «Оскеменспецкоммунтранс» ЖШС-нің (Өскемен қ) және жеке кәсіпкер «Хазипов Р.С.» (Семей қаласы) анықталды.

Сондай-ақ, «ӨКМ Операторы» ЖШС-мен келісілген қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламасы әзірленді.

Жоба аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес «ӨКМ Операторы» ЖШС есебінен келесілер жеткізілді (Өскемен мен Семейде): көлемі 1,1 м3 1810 сары еуро контейнерлері; көлемі 1,5 м3 1046 қоңырау түріндегі көк контейнерлер; 12 бірлік контейнерлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға және шығаруға арналған арнайы көлік құралдары; ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дйін қуаттылығы жылына 100 мың тонна 2 сұрыптау желілерін  жеткізу жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні контейнер алаңдарына контейнерлерді орнату жұмыстары жүргізілуде.

Өскемен және Семей қалаларының әкімдіктерімен облыс тұрғындары арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізуілуде.

Сонымен қатар, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірге «Өскемен және Семей қалаларында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (алдын ала келісімге 2018 жылдың 5 маусымында қол қойылды).

Ағымдағы жылдың 16 маусымында «Семей қ. қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша кредиттік шартқа қол қойылды, 2 шілдеде «Өскемен қ. қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша кредиттік шартқа қол қойылды.

Жоба аясында (Өскемен мен Семейде) қуаты жылына 100,0 мың тонна механикалық және биологиялық қалдықтарды тазартуға арналған кешенімен халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа санитарлық-техникалық полигон салу жоспарлануда. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын пункттер желісін жаңғырту және кеңейту, қолданыстағы полигонды барлық санитарлық нормаларға сәйкес жабу және қалпына келтіру қарастырылған. Осы мақсатта 100 гектар жер учаскесі бөлінді.

Сондай-ақ, полигонға келіп түсетін қалдықтарды азайту, қалдықтарды жою саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру және қоршаған ортаға кері әсерін азайту мақсатында Өскеменде қалдықтарды өртеу зауытын салу туралы мәселе қарастырылуда.

Бүгінгі таңда облыс әкімдігі Ұлан ауданында орналасқан ауданы 5 га жер учаскесін анықтады, сонымен қатар электр қуатын жіберетін ұйымдардың электр желілеріне рұқсат етілген қуаттың көрсеткішімен байланыс нүктесін анықтады.

Дата публикации
03 июня 2020
Дата обновления
03 июня 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы