Меню

Страницы

Статья

Сыбайласжемқорлықты жою – отбасындағы тәрбиеден басталады

Жемқорлықпенкүрес және заңның үстемдігі мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болғандықтан, бұл мәселе әрқашан Мемлекет басшысының назарында. Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары қоғам мен мемлекетті заман талабына сайдамытуға, қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға, ортақ мақсатқа топтастыруға бағытталған. Елбасының қоғамда заң үстемдігін нығайтып, әрбірімізді сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақыруы–жарқын болашақтың тұғырын нықтау жолындағы маңызды қадамдарының бірі деуге болады.

Жасыратыны жоқ, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетіп, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні және халықтың заң мен әділдікке, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Сондықтан, ең алдымен қоғамның жегі құртына айналған жемқорлықты тізгіндеп, оны ауыздықтаудың жолдарын қатаң қадағалауымыз қажет. Онымен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, тұтас елдің міндетіне айналуы тиіс.

Бүгінгі таңда елдегі жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалуда. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге аударылып отыр. Сондықтан, Елбасымыз биылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті.

 Жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Бұл орайда, «Отан – отбасынан басталады» деп бекерге айтылмағанын естен шығармау керек. Ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін немесе пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, солай болуы тиіс деп түсінеді. «Не ексең – соны орасың» дегендей, есейгенде ол бала қандай адам болып шығады? Қалтасының қамын ғана ойлайтын парақор бола ма?Әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына өз үлесін қосатын, патритоттық сезімді барынша бойына терең сіңірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз ел азаматы шыға ма? Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге ерекше мән бергені абзал.Ата-ананың бүгін жіберген қателіктің орнын ертең толтыра алмайтынын елемеуі балаға жасар қиянат болар еді. Отбасындағы тәрбиенің ұрпақтың келешегіне, бүтін бір ұлттың болашағына  қатысы барын әркім түсіне білуі тиіс. Отбасында дұрыс тәлім-тәрбие алған, болашағына сенім артқан жастар қашанда ел үшін, ұлт үшін жан аямай еңбектенеді, алға ұмтылады, жаңа идеяларды өмірге әкеледі, өнегелі бастамалардан үлгі алады.

ШҚО бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Мұқтар Төлегенұлы

Дата публикации
01 июня 2020
Дата обновления
01 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы