Шығыс Қазақстан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, оның басты міндеті халыққа анықтамалық ақпаратты уақтылы ұсыну болып табылады.
Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Сайлаушы тіркелген сайлау учаскесін іздеуді тіркеу мекенжайы немесе ЖСН арқылы жүзеге асыруға болады. Азаматтар сайлау учаскесін бекіту немесе нақтылау мәселесі бойынша "109" ББО-ға жүгінген кезде диспетчер абоненттің ЖСН немесе тіркеу мекенжайын "электрондық қызметтер орталығы"дерекқорына енгізеді.