Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 5 айында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасымен өткізілген мәдени-көпшілік іс-шаралардың есебі

2020 жылдың 5 айында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасымен өткізілген мәдени-көпшілік іс-шаралардың есебі

2020 жылдың 5 айында (қаңтар-мамыр) келесі мәдени-көпшілік іс-шаралар дайындалып, өткізілді:

Ағымдағы жылдың 5-6 қаңтарында Семей қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы Абайға адалдық» атты өлкетану  оқулары өткізілді. Шара аса көрнекті ғалым, абайтанушы Қ.Мұхамедхановтың туған күніне және оның әкесі, Алаш идеясын дамыту жолында ерен еңбек еткен мәдениет қайраткері Мұхамедхан Сейтқұловтың 150 жылдығына арналды. Шараға Қ.Мұхамедханов көшесінде орналасқан колледждар шақырылды. Студент жастардың назарына музей қорында сақтаулы ғалымның жеке тұтынған заттары, қолжазбалары мен құжаттарынан құралған көрме және ғалым өмірі мен қызметі туралы бейнефильмдер ұсынылды.

6 қаңтарда Ф.М.Достоевский музейінде «Жаңа жылға арналған ғажайыптар!» Еріктілер жылы  аясында  жетім балаларға арналған мерекелік қойылым өтті.

2020 жылдың 7 қаңтарында музей-қорық пен Облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы бірлесіп «Рождество – сүйікті мереке» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Көрермен назарына халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері қолөнер шеберлерінің халықтық стильде жасаған бұйымдарының көрмесін ұсынды.

Биыл кітапханада жаңа  «СООl!» ерекше адамдар клубы ашылды.Клубтың алғашқы сабағы таныстықпен басталды. Клуб мүшелері әр елдің жаңа жылды қарсы алу дәәстүрлері туралы айтты. 2020 жылға арналаған жұлдыз жорамалдармен танысты.  Көңіл – күйлерін көтері мақсатында  «Қарша» ойынын ойнады. Қамтылды-35 адам.

8 қаңтарда Семей қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы Дала ұстаздары» көрмесі ашылды. Мақсаты –  Әл-Фараби, Ыбырай, Абайдай дара ағартушылардан бастап кейінгі және бүгінгі ұстаздар еңбегін қоғам алдында дәріптеу. Академик Т.Аманов, Социалистік Еңбек Ері Ж.Шайжүнісов, белгілі ғалым-абайтанушы Қ.Мұхамедхановтың білім беру саласындағы еңбектері, жаңашыл ұстаздардың, оқу құралдары авторларының еңбектері, қаланың жетекші мұғалімдерінің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырылды.

2020 жылдың 10 қаңтарында музей-қорықта қасиетті кештерді тойлау басталды. «Қасиетті кеш» музейлік іс-шара «Музейлер шеруі» аясында ұйымдастырылды. Бұл – Рождествоны тойлаудың славяндық дәстүрі.

16 қаңтарда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Тыныштықбек Әбдікәкімұлымен «Жүректің көзі ашылса» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу барысында автор «Абай әлемі» сериясы бойынша шыққан кітабымен таныстырды. Ақын ұлы Абайға арналған өлеңін және тағы бірқатар жырларын оқыды. Кеш соңында Т.Әбдікәкімұлы өзінің жазу машинкасы мен әйгілі жерлесіміз жазушы Әзілхан Нұршайықовтан сыйға алған бас киімін музей қорына табыстады.

17 қаңтар, 21 ақпанда  Семейдегі бас музей және оның Абай, Аягөз, Үржар аудандарындағы филиалдарда республикалық «Музейлер шеруі» акциясы өткізілді. Шара барысында «Ұлт құндылығы - Абай әлемі» атты тақырыптық көрме, «Туған өлке тарихы» атты танымдық сабақ, «Абайдың өнегелі өмірі» атты викториналық  ойын,  өлкетану сабақтары, «Ұлы Дала ұстаздары» көрмесі бойынша тақырыптық экскурсиялар, т.б. шаралар ұйымдастырылды.

«Хранитель памяти» - тавқырыбында 17 қаңтарда облыстың белгілі мұрағатшысы, өлке тарихының тамаша білгірі Ирина Васильевна Дурновоның 65 жылдығына және оның жаңа кітаптарының жарыққа шығуына арналған шығармашылық кездесу өтті. Қамтылғандар саны: 50 адам.

         2020 жылдың 17 қаңтарында музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» атты көшпелі көрмемен Белоусовка кентіндегі № 1 орта мектепке болды. Көрмені 4-10 сынып аралығындағы 130 мектеп оқушысы тамашалады.

2020 жылдың 18 қаңтарында музей-қорықтың орыс этнографиясы және халықтар этнографиясы және аз қамтылған этнотоптар бөлімдерінің қызметкерлері «Шоқыну кеші» этнографиялық музейлік іс-шарасын өткізді.

22 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Семей қаласы Абай атындағы театрда қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, классигі, Ұлы Абай Кұнанбайұлының 175 жыл мерейтойының  мерекелеу жылында «Адамзаттың бәрін сүй»  атты  концерттін салтанатты  түрде ашылу  аталып өтті.

Концерттік  бағдарламада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының лауреаты, дәстүрлі әндердің орындаушысы Ерлан Рысқали, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солистері Медет Чотабаев,  Жұпар Ғабдуллина,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әндерді орындаушы Гүлмира Сарина және Алматы қаласының «Аңсар» триосы, Қазақстандық эстрада жұлдыздарымен қатар облыстың шығармашылық ұжымдары қатысты: ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі, бас дирижеры Александр Галсанов, Семей қаласындағы Ә. Қашаубаев атындағы филармониясының «Бибігүл» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, дирижеры            Н. Төкей, Абай театрының артистері, режиссеры Айдын Салбанов, жетекші солистер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет саласының үздігі Мапруза Утуленова, Мәдениет саласының үздігі, теле-жобалардың қатысушысы Берік Омаров, көптеген республикалық конкурстардың лауреаттары Әділ Тұрғанбаев, Қуаныш Оралбаев, Юлия Юрочкина, Эльдар Уадинов, Джанибек Симбаев, Айгерім Тоқтыбаева, Әлия Аукенова, Айгерім Аширова, Камилла Туканова, Олжас Оспан, Серікбол Сейілханов, Бақытжан Түктібаев, Таңат Мұқашев, Мейрамбек Ахметов, Парасат Отан, «Тұмар» хореографиялық ансамблі, сонымен қатар балалар республикалық және облыстық мәнерлеп оқу конкурстарының лауреаттары өнер көрсетті. Көрермендер саны 500 адам.

22 қаңтар күні А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында «Дана Абай әлемі» атты мерейтой жылының ашылу салтанаты болып өтті. Кездесуге 150-ден аса адам қатысты: қала жұртшылығы, университеттердің профессорлық-педагогикалық құрамының өкілдері мен мәдениет саласының өкілдері, БАҚ, студенттер мен қала мектептерінің оқушылары. Құрметті қонақтар қатарында облыстық мәслихат депутаты Ә. Мұхтарханов, Өскемен қаласындағы Ресей Бас консулдығының вице-консулы Н. М. Тищенко, журналист, абайтанушы, сөзжұмбақ құраушы, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы, есімі Кинес рекордтар кітабына енген  Қ. Алтыбаев және басқалар бар. Бағдарламада: «Адамзаттың Абайы» кітап көрмесінің таныстырылымы, Ph.D докторы Люция Абдуллинаның «Заманауи оқудағы Абай» интерактивті, авторлық дәріс-сұхбаты, «Мен бір жұмбақ адаммын...» сөзжұмбақ шешушілер сайысы, облыстық тілдерді дамыту басқармасының Лингвистикалық орталығының мамандары дайындаған Абай шығармашылығы бойынша латын әліпбиіндегі диктант.

 Осы күні Ф.М.Достоевский музейінде мерекелік іс-шара өтті. Оқушылар ақынның өлеңдері мен әндерін сондай-ақ Абай Құнанбаевқа арнаған                              Е.А Титаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.  

2020 жылдың 22 қаңтарында музей-қорықта Абайдың 175 жылдығын мерекелеу бастау алды. «Абайдың 175 жылдығын мерекелеу бастау» атты дөңгелек үстелді музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері мен директордың ғылым жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашаку ұйымдастырды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Т.Н.Мағзұмов пен Б.М.Райысова, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы «Алтай археологиясы және мәдени мұра» музейінің директоры Ж.А.Қалимолдина, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың музыка кафедрасының оқытушысы А.Жұмақанова ақын шығармашылығының мән-маңызы жөнінде кеңінен толғады.Дөңгелек үстел отырысына Өскемен қаласының № 16 орта мектебінің оқушылары қатысты.

22 қаңтарда этнографиялық музейде «Ұлы Абай ұрпақтар жүрегінде» атты әдеби-тарихи композициясы өтті. Іс – шараға № 3 Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары шақырылды. Қатысушылар Ұлы ғұлама Абайдың өлеңдерін оқып, қара сөзіне арналған қойылым көрсетті. Іс – шара барысында қатысушылар қобызда күй ойнады. Қамтылуы- 53 адам.

Осы күні облыстық өнер «Мудрость, ведущая сквозь века» көрмесі ашылды. Қамтылуы-564 человек.

22 қаңтарда балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Өнермен егіз жандар» атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу кеші ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Білім беру ісінің үздігі, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған медальдың иегері, жоғары дәрежелі мұғалім Қайырбаев Қанапия Қапашұлына арналды.Қамтылуы 65 адам.

Арнайы кітапхананың «Оптимист+» қарттарға арналған қызығушылық бірлестігінде «Абай музалары» атты дауыстап оқу топтамасы басталды.  Ұлы ақынның өміріндегі басты әйелдер – анасы Ұлжан және әжесі Зере жайлы ақпараттар берілді. М. Әуезовтың «Абай жолы» романынан қазақ отбасындағы құндылықтар туралы үзінді оқылды. Қамтылды:18 адам.

22 қаңтарда арнайы кітапханада 19 ғасырдағы уақытқа сай ұлттық нақышта безендірілген «Абай» информстудиясы ашылды. Кітаптардан жасалған инсталляция студияны толықтырып, көрік беріп тұрды.

«Абай» информстудиясында маңызды шара өтті: кітапхананың тифлоқұрылғысы арқылы Мұхтар Әуезовтың  «Абай жолы» романы  Брайль бедерлі – нүктелі шрифтісімен басылып шықты.Қамтылды: 66 адам.

2020 жылғы 23 қаңтарда Глубокое ауылының О.Бөкей атындағы орта мектебінде «ШҚО жануарлар әлемі», «Алаш арыстары», «Қазақстанның қасиетті өңірлері» тақырыптарында дәрістер оқылып, көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастырылды. Қамтылуы – 230 адам.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында біздің жеріміз материалды мәдениет жері екенін атап өткен.  Бұл жерде еліміздің табиғи байлықтарын да атап өтуге болады. Олар  Сиверс алмасы, Регель қызғалдағы. Бүгін осы тақырыпты  «Брайлист» клубы мүшелері зерделеді. Шара барысында алма мен қызғалдақтың шығу тарихы баяндалды, өлеңдер оқылды. Тыңдармандар назарына бейне көрініс ұсынылды. Қамтылды: 26 адам.

24 қаңтарда балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Оқырман трамвайы» жобасына қатысты. Жоба аясында қаланың №3 трамвай бағытында өткізілген «Жүрегімнің түбіне терең бойла» мәдени шарасы жолаушыларға арналды. Бұл бағыт Абай ескерткішінің жанынан өтіп және Абай даңғылы бойымен жүргізіледі. Қамтылуы 300 адам.

2020 жылдың 29 қаңтарында осы кітапханада Шығыс Қазақстан облысының белгілі ақыны, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, республикадағы көне «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің төрағасы Н.С.Матвееваның «Поле васильковое» өлеңдер жинағының тағы бір тұсаукесері өтті.

Шараға Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының «Товарки» (Предгорное а.), «Рябинушки» (Прапорщиково а.) фольклорлық ұжымдары, Ресей Федерациясының Вице-консулы М.В.Тищенко, Наталья Семеновнаның достары және кітапхана қонақтары қатысты.Қамтылған адам саны- 40 адам.

29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  «АЯЛА»   кітапханалық еріктілер мектебінің салтанатты ашылуы өткізілді. Өзінің алғы сөзінде ерікті бастамалар – Қазақстан үшін өте өзекті тақырып. Волонтерлік  қызмет елімізде дамысын, алға бассын десек, еріктілердің қатарын көбейтуге тырысу қажет және еріктілер адалдық, әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, достық,  шыдамдылық және жасампаздық институты екендігін айтты. Қамтылуы 95 адам.

29 қаңтарда аталған кітапханада таяу және алыс шетел кітапханаларымен халықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту аясында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы...» атты Халықаралық интернет-сайысының салтанатты ашылуы өтті. Стартапқа 9-11 сынып оқушылары, студенттер, кітапханашылар қатысты. Қамтылуы 70 адам.

30 қаңтарда А. С. Пушкин атындағы кітапхана Шығыс Қазақстан облысы жазушыларының жаңа кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл облыстық «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің 100 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Солнечный круг» атты балаларға арналған әңгімелер, өлеңдер мен ертегілер жинағы.

30 қаңтарда Ф.М.Достоеский музейінде «Халықаралық орамал күні» аясында «Айша Бибі» Қазақ мәдени орталығымен білесіп өткізілген «Мен сыйға тартқан орамал» атты іс-шара. Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау.

2020 жылдың 30 қаңтарында музей-қорықтың сирек кітаптар және иконажазу бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының № 106 «Қарлығаш» балабақшасымен бірлесіп «Абай Құнанбайұлы. 175 жыл» атты Абай шығармаларын оқу конкурсын өткізді.

31 қаңтарда № 19 орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына «ШҚО жануарлар әлемі» тақырыбында көрме қойылып, дәріс оқылды. Қамтылуы- 182 адам.

Арнайы кітапханада оқырмандар үшін «ШҚО салауатты өмір салты орталығының» мамандары қан қысымы тақырыбын талқылады.\ Шара соңында қан қысымының алдын алу туралы ұсыныс берілді және арнайы жаттығулар түрлері көрсетілді. Қамтылды:30 адам.

4 ақпанда Үржар ауданындағы филиалында «Қазақ поэзиясының темірқазығы» атты поэзиялық кеш (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына) өткізілді. Кешке Үржар ауылының ұстаздары мен оқушылары қатысты. Ақын шығармашалығына қатысты әр түрлі викториналық сұрақтарға жауап берген жас шәкірттер Абайдың жылдың әр мезгіліне арналған табиғат туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, қарасөздерін жатқа айтты.

5 ақпанда Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына орай «Өнер саңлақтары» атты кеш өткізілді. Шара мақсаты - өскелең ұрпаққа театр тарландары Күләш Сәкиева, Нүриден Атаханов, Халекет Ешмұратовтардың шығармашылығы мен өнегелі істерін насихаттау, рухани дүниелер арқылы оқушы жастарға тәлім-тәрбие беру, Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында еңбек еткен артистердің өмір жолымен таныстыру.

5 ақпанда «Өнер саңлақтары» атты көрменің ашулыу өткізілді. Іс-шара барысында жас өнерпаздардың әдеби композициясы ұсынылды, әр жылдардан сыр шертетін фотосуреттер көрсетілді. Көзін көрген аға буын өкілдері театр тарландары жайлы естеліктерімен бөлісті. Абай театрының артистері оркестрдің сүйемелдеуімен «Есіңде бар ма жас күнің?», «Таң самалым» әндерін орындады.
Көрмеге музей қорынан жалпы саны 107 жәдігер қойылды.

6 ақпанда балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқырмандары мен қонақтары ақын Абай Құнанбайұлының туған жеріне, әр тасы тарихқа тұнып тұрған өлкеге, Жидебайға саяхат жасауға мүмкіндік алды. Шақырылған қонақтар өз баяндамаларына көрнекі презентация мен көрмлер қолданды. Қамтылуы 50 адам.

6 ақпан күні арнайы кітапханада  «Терроризм – адамзат қатері» атты терроризмге қарсы күн өтті.Әр түрлі оқырмандар тобына екі тілде бейне көріністер көрсетілді. Терроризм деген не? Оның алдын алу жолдары? сияқты сұрақтар талқыланды. Қамтылды- 25 адам.

7 ақпан күні А.С.Пушкин атындағы кітапханада Қазақ хандығының                     555 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты болып, оған 100-ден аса адам қатысты, оның ішінде Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасы Чугунков Олег Василевич, қоғам қайраткері Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы, «Шығыс-Ақпарат» медиа-холдингінің  басшысы Бекенов Нұрбек Мұхаметқалиұлы, қала жұртшылығы, жазушылар мен тарихшылр бар. Көрме таныстырылымында ерекше орын алған – тарих ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың профессоры Игібаев Советхан Қабдуалиұлы, ол түсінікті тілде Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері туралы әңгімелеп берді. Көрме таныстырылымынан кейін қатысушыларға екі интерактивті кездесу ұсынылды: 1) тарихи диктант жазу және маңызды тарихи деректер, оқиғалар мен тарихи тұлғалар жайлы білімдерін тексеру және 2) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры С. Игібаевпен сұрақ-жауап кездесуі.

2020 жылғы 8 ақпанда облыстық драма театрында А.П.Чеховтың "Әңгімелер" спектаклінің премьерасы өтті. Қамтылуы:500 адам.

Арнайы кітапхананың «Шамшырақ» клубында «Сиқырлы сөздің зергері» атты Iлияс Есенберлиннiң 105 -жылдығына арналған кеш өтті. Шара барысында «Ұлт мақтанышы – Ілия Есенберлин» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Зағип оқырмандарға Брайль қарпімен басылып шыққан «Көшпенділер» кітабы оқуға ұсынылды. Қамтылды:25 адам.

11 ақпанда Ф.М.Достоевский музейінде «Ұлы бестіктің төртінші романы». «Ф.М Достоевскийдің «Жасөспірім» романның шыққанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған стационарлық көрме өтті.

2020 жылдың 11 ақпанында музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласы әкімдігінің № 27 орта мектебінде «Шығыс Қазақстан шеберлерінің дәстүрлі бұйымдары» атты көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрмеге киізден, ағаштан, былғарыдан жасалған бұйымдар қойылды. Көрмеге катонқарағайлық шебер Гүлнәр Қожамжарованың, семейлік шеберлер Жармақ Мұқажанов пен Елена Го Сун Чинның, өскемендік шебер Мария Маркованың бұйымдары ұсынылған.

12 ақпанда А.С.Пушкин атындағы кітапханада Әлібек Қантарбаевтың «Тұлға» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Белгілі сөз шебері, жазушы, Жазушылар одағының облыстық филиалының директоры Әлібек Қантарбаевтың аталған кітабының тұсаукесеріне қаланың зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.А. Қантарбаевтың «Тұлға» атты жаңа шығармасының ерекшелігі – кітаптың басты кейіпкері Төлеген Жирентаевпен интеллектуалды сұхбат форматында жазылған.

12 ақпанда Мағауия Абайұлының 150 жылдығына арналған «Сүйер ұлың болса, сен сүй...» әдеби кеші өткізілді. Мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының дарынды шәкірті әрі үлкен үміт артқан балысы Мағауияның өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығын насихаттау. Кешке Семей мемлекеттік медицина университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті және М.Төлебаев атындағы музыкалық училище студенттері Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

13 ақпанда мәдениет қайраткері, «Қайсар» төсбелгісінің иегері, мәдениет жанашыры Азаматов Адай Зейнолдаұлымен «Өнерді өмірге ту еткен» атты кездесу кеші өткізілді. Шара барысында кештің құрметті қонағымен сұхбат, музей қорына құнды жәдігерлерді қабылдау, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. А.Азаматов музей қорына музыкалық аспаптра, «Астана-Бәйтерек» монументінің макеті, Тұрсынғазы Рахимов және Әмре Қашаубаев мүсіндері, Розы Багланова дауысының аудиокассетасы, «Морин хуур» атты моңғол ұлттық музыкалық аспабын тапсырды.

13 ақпанда облыстық өнер музейінде музей қызметкері  Л.И. Мартынованың «Абай әлемін ашу» кітабының (үш тілдегі) тұсаукесері өтті. Кітап мазмұнын ашу театрландырылған түрде өтті.Мерекелік шарада біздің ұлы жерлесіміздің өлеңдері мен "Абай әлемін ашу" кітабынан  Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы музыкалық учелищесінің оқушылары үзінділер оқыды. Шараға 111 адам қатысты.

14 ақпанда Семей қаласының Бизнес және сервис колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 31 жылдығына арналған салтанатты кеш өткізілді. Мақсаты – Ауған соғысы жайлы ақапарат беру, жауынгерлердің ерлігін насихаттау. Шараға ауған соғысының ардагерлері, қаланың зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысты.

2020 жылғы 12 ақпанда облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері «квансон» колледжінің студенттеріне арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан »тақырыбында дәріс оқыды. Қамтылуы-80 адам.

2020 жылдың 14 ақпанында музей-қорықта Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ШҚО әкімі сыйлығының иегері Н.П.Аштеманың «Алтай аңызы» атты көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрмеге автордың киелі Алтайдың Мұзтауына арналған 50 кескіндемелік туындысы қойылған. Сонымен қоса, «Поляк суреттемесі» атты музейлік іс-шара «Музейлер шеруі» аясында ұйымдастырылды. іс-шара Поляк этномәдени бірлестігімен бірге өткізілді.

Арнайы кітапханада «Шығыстау. Қоңыр Әулие үңгірі» тарихи көрсетілімі ұйымдастырылды. «Брайлист» клубының кезекті отырысы осы қасиетті жерге арналды. Үңгірде болған оқырмандар өздерінің алған әсерлері, ойларымен бөлісті. Үңгір туралы фотоэкспозиция ерекше қызығушылыққа ие болды. Қамтылды: 20 адам.

Арнайы кітапхана қызметкерлері «Жалпы пароль – Ауғанстан» атты әскери – тарихи альманах ұйымдастырды. Шарадағы солдаттың хаты, өлең, ән, фотолар, бейне көрініс және әдебиеттер сол соғыс кезеңін толықтай аша түсті. Қамтылды:36 адам.

19 ақпанда Д.Серікбаев атындағы ШҚМУ-де Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой жылының ашылуына арналған мәдени іс-шара аталып өтті. Аталмыш шарада «Ертіс концерт» КМҚК шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Көрермендер саны 700 адам.

2020 жылдың 19  ақпанында музей-қорық Ақбауыр 1 қонысының фотосуреттері мен археологиялық заттарының, тас еңбек құралдары, керамикалық ыдыстардың фрагменттерінің көшпелі көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты – халықты археология ғылымындағы жаңа ашылулармен таныстыру.

19 ақпан күні балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Туған өлкеміздің балалар жазушылары. Детские писатели родного края» жобасы аясында «Выбери себе Вселенную» атты балалар жазушысы Яна Борисовна Абдеевамен «№10 мектеп – гимназиясының» бесінші сынып оқушыларымен шығармашылық кездесу өтті. «Магия фэнтези» атты кітап көрмеге 27 кітап қойылды.Қамтылуы 50 адам.

19 ақпанда аталған кітапханада жазушы, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысының тумасы - Дидахмет Әшімханұлын еске алуға арналған «Жер аңсаған Сарыатан» атты еске алу кеші өткізілді. Қамтылуы 80 адам.

Осы күні  кітапхана оқырмандарымен және Нижневартовск қаласының қалалық кітапханасының оқырмандары арасында «Қазақстан-Ресей:бәріне ортақ жеңіс» атты халықаралық телекөпір өтті. Қамтылуы-75 адам.

2020 жылы 20 ақпанда  Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында VIII қысқы Универсиаданың Президенттік көпсайысы бойынша салтанатты ашылуы өтті.  Универсиаданың ашлуында «Ертіс концерт» кәсіпорнының әншісі, халықаралық, республикалық байқаулдардың лауреаты Эльдар Уадинов «Чемпиондар әні» әнін орындады. Көрермендер саны 1000 адам.

20 ақпанда балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Қазақ мемлекеттігінің алтын бесігі» атты киіз үй-резиденциясы өткізілді. «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ, «З.Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ оқушылары экспозициямен танысты.

Арнайы кітапханада Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған «Шығыстың ұлы ғалымы» атты тарих сағаты өткізілді. «Әл -Фараби ізімен» кітап көрмесі ұлы филосовтың маңызды еңбектерімен, шығармашылығымен таныстырды. Қамтылған адам саны-77.  

20 ақпанда балалар және жасөспірімдер кітапханасында Шығыс Қазақстанның тумасы, Еуразия ақыны Павел Васильевтің 110 жылдығына арналған «Посулила жизнь дороги мне ледяные» шарасы өтті. Әдеби raft қатысушылары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен студенттері және кітапхана қонақтары мен оқырмандары болды. Қамтылуы-60 адам.

21 ақпанда Алғыс айту күні мен Қазақстан Халықтарының кіші Ассамблеясының 25-жылдығына арналған «Күш бірлікте» акциясы аясындаДостық үйі жанындағы  «Гармония» ұйымы өкілдерімен кездесу өтті. Қамтылуы- 101 адам.

21 ақпанда балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Әбу Наср әл-Фараби: Шығыстың Ұлы Ұстазы» кітап көрмесінің тұсаукесер рәсімі өтіп, шараға студенттер, мектеп оқушылары және кітапсүйер қауым қатысты.Көрме жыл соңына дейін қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, осы күні гуманитарлық колледж студенттері қатысқан «Ұлы халықтың  ұлы Абайы» іс-шарасы өтті. Шара төрт кезеңнен тұрды. Қамтылған  адам саны-50.

21 ақпанда А. С. Пушкин атындағы кітапханада танымал тележүргізуші, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» фестивалінің, «Дарын» сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам», «Туған тілім – тұғырым» әдеби конкурстарының жеңімпазы Қалқаман Сариннің «Екеуіміз...» атты жаңа жинағының тұсаукесері өтті. Кездесу сұхбат форматында өтіп,  автор өзінің жаңа өлеңдерін оқып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Қатысушылардың басым бөлігі жастар болды.

21, 24 ақпанда № 11 және № 48 орта мектептерінде «Семей және Алаш» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. 1917 жылдан Семей қаласы ресми түрде Алаштың астанасына айналды. Көрме барысында Абай рухынан от алған Алаш қайраткерлерінің қазақтың ұлттық идеясын жасау жолындағы қызметімен таныстырылып, қаладағы Алаш қозғалысына қатысты тарихи жерлер мен ғимараттар туралы ақпарат берілді.

22 ақпанда облыстық драма театрында Э.Филиппо "Елестер" спектаклінің премьерасы өтті. Көрермен саны -500 адам.

23 ақпанда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына арналған тыл ардагерлерінің құрметін «Трудовые вахты во имя Победы» көрмесі ұйымдастырылды. Қамтылған адам саны -200 астам.

24 ақпанда Ғылым күніне орай   № 7 мектептің 5-10 сынып оқушыларына Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған «Быть выше всех – пустая слава…» көрмесі ұйымдастырылып, дәрістер оқылды. Қамтылуы -152 адам.

25 ақпанда О.Бөкей атындағы кітапханада «Любители старины» клубында. «Абай – Адам» тақырыбында дәріс оқылды. Қамтылуы-92 адам.

26 ақпан күні Ұлан ауданы Саратовка ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны мен ойшылы Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған «Ертіс концерт» мекемесінің Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, бас дирижеры Ш. Рысханов және ҚР еңбек сіңірген әртісі В. Ткач, мәдениет саласының үздігі Н. Кабдоллаева, халықаралық, реппубликалық байқаулардың лауреаттары Қ. Оралбаев, Х. Манай, Ю. Юрочкина, Ж. Бисимбаевтар  өнер көрсетті. Көрермендер саны 160 адам.

26 ақпанда Ф.М.Достоевский музейінде «ҚР Президентінің жолдауы» бойынша   «Еріктілер жылы» жоба   аясында  «Блин комом» қуыршақ шоуы атты қайырымдылық акциясы өтті.

27 ақпанда этнографиялық музей қорының «Өмір сызығы» графикалық бұйымдар көрмесі өтті. Қамтылуы- 46 адам.

2020 жылдың 28  ақпанында музей-қорықтың халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері Облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мақсаты – Шығыс Қазақстан халықтарының дәстүрлі қолөнерін насихаттау, этностардың тарихымен және мәдениетімен таныстыру.

28 ақпан-6 наурыз аралығында облыстық драма театрының орыс труппасы РФ, Челябинск қаласында өткен VIII халықаралық театр фестиваліне «CHELoВЕК ТЕАТРА» қатысты. Қамтылуы-150 адам.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі 28 ақпанда Тарханка ауылдық мектебімен бірлесіп «Возрожденные имена регинальной поэзии» тақырыбында іс-шара өткізді. Қамтылу саны - 230 адам.

Алғыс айту күніне орай «Бұл қалай болған» тақырыбында халықтардың қоныс аударуы туралы көрме ұйымдастырылды. Қамтылуы – 330 аса адам.

28 ақпан күні балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Әнді сүйсең, менше сүй» атты қалалық ән фестивалі өтті.Фестивальді өткізу идеясының негізінде Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасын насихаттау; жас орындаушыларды отандық мәдениет пен өнердің үздік үлгілеріне тарту, талантты орындаушыларды анықтау және қолдау көзделді. Қамтылуы-100 адам.

29 ақпанда облыстық драма театрында Тұрсынбек Дүзбаевтың                               60 жылдығына арналған бенефис өтті. Шығармашылық кеште «Тағылым» поэтикалық музыкалық қойылым көрсетілді. Қамтылуы-500 адам.

1 наурызда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысының                75-жылдығына арналған «Соғыс жолдарымен» атты көрме қойылды. Қамтылуы-100 адамнан астам.

Дәл осы күні, балалар және жасөспірімдер кітапханасына «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ этно-мәдени бірлестігі шақырылды.  Достық пен ынтымақтастықтың белгісін көрсеткен ұлттық нақыштағы мереке қатысушылардың көңілінде сақталады. Қамтылуы- 70 адам.

3 наурыз күні Хәкім-Абай атамыздың 175 жылдығына орай, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына орай  «Ертіс концерт» мекемесінің шығармашылық ұжымдары Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті тұрғындарына                іс-сапарлық концерттік бағдарламасын ұсынды. Музыканттар мен солисттер тыңдаушыларға өздерінің үздік шығармалары мен композицияларын сыйлады. Концерт соңында аудан әкімінің атынан «Ертіс концерт» ұжымы тамаша музыкалық кеш сыйлағандары үшін алғысын білдірді. Көрермендер саны 100 адам.

4 наурызда өнер музейінде «Жаңғыру» жас суретшілер клубының «Көзімнің қарасы» атты көрмесі өтті. Қатысқан адам саны-21. 

4 наурызда балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ғасыр бақыты. Достигший счастья, воспетый в веках!» атты ғасыр репортажы  өткізілді. . Әлемдік өркениетте өз орнын ойып алған ұлы жерлесіміз әл-Фараби іліміне қайта оралу, танып білу, ұлт мүддесіне жарату – таусылмас рухани азық, баға жетпес рухани құндылық. Қамтылуы- 50 адам.

2020 жылдың 5 наурызында «Бір отбасында» атты танымдық іс-шара. «Бриг» мектебінің оқушылары ШҚО мекендеген халықтардың мәдениетімен танысып, Қазақстан жеріне қоныс аудару тарихымен танысты. Іс-шара барысында ШҚО-дағы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері экскурсовод болды. Мақсаты – ШҚО диаспораларының тарихымен танысу. Іс-шара Алғыс айту мерекесіне орай ұйымдастырылды.

2020 жылдың 6 наурызында музей-қорықта «Әйелге арнау» атты көрме ашылды. Көрмеге Шығыс Қазақстан сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары қойылды. Көрме 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ашылды. Көрмеге «Отандастар» қоры шеберлерінің туындылары да ұсынылған.

5 наурызда ШҚО Семей қаласының технологиялық колледжінде «Туған өлке табиғаты» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Көрме бойынша жүргізілген лекцияда Семей өңірінің пайдалы қазбалары, палеонтологиялық жәдігерлер, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген аң-құстар, зерттеуші ғалымдар туралы толыққанды ақпарат берілді.

6 наурызда «Ертіс концерт» КМҚК «Әлем сазы» вокалды-инструменталдық тобы және өзге де шығармашылық ұжымдары қаламыздың бірқатар ұйымдарында, Аблакетка кентіндегі ОВ 56/22 бөлімінде,  Облыстық СОТ ғимаратында, Мемлекеттік қызмет департаменті және Қазынашылық департаментінде мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Сонымен қоса, әйелдер қауымына арнап ұйымдастырылған концерттік бағдарламада  «Ана туралы жыр», «Гүл сыйлайық әйелге», «Жұмақ ана», «Ана», «Я встретил девушку», «Эти глаза напротив», «Лучшая из лучших женщина», «Роза белая, Роза алая» және тағы басқа нәзік жандарға арналған әндер орындалды. Әйелдер қауымы өз қатарларынан ыстық лебіздерін және ризашылықтарын білдірді. Көрермен саны-285 адам.

6 наурызда балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы және мұрағаттанушы А.А.Аубакировтың  «Родные берега. Страницы истории края» кітабының тұсаукесері өтті. А.Аубакировтың сирек кездесетін ақпарттармен қамтылған, тарихи картасы, экспедиция бағыты көрсетілген, сонымен қатар  Григорий Гребенщиков аударған Густав Зелинскийдің «КИРГИЗЪ» повесінің басылымы оқырмандардың қызығушылықтарын тудырды.Кітап премьерасы бұл тек жаңа кітаптармен ғана танысу емес, ол өз елінің, халқының тарихын құрметтеген патриотпен кездесу. Қамтылуы 60 адам.

10 наурызда аталған кітапханада ҚР Мемлекеттік сыйлығы мен «Парасат» орденінің иегері жазушы, драматург Қалихан Ысқақты еске алу кеші өтті. Шара жазушының туғанына 85 жыл толуына орай, «Беу, ақсақ дүние!» деген атпен ұйымдастырылды. Атаулы кешке жазушының жақын бауырлары Сайлаухан Қабатаев пен Асқар Қабанбаевтар бастаған жақындары арнайы шақырылды. Сонымен қатар ШҚО жазушылар одағы филиалының төрағасы, жазушы Әлбек Қаңтарбаев, ақын Қызырбек Дүргінбайұлы бастаған жастар мен қаламыздың зиялы қауым өкілдері, облыстық «Дидар» газетінің журналистері және әдебиет сүйер оқырмандар қонақ болды. Кеш барысында «Шабыт» студенттер театры Қалихан Ысқақтың «Қараша қаздар қайтқанда» атты пьесасынан үзінді көрсетті. Қамтылуы 48 адам.

Ф.М.Достоевский музейінде 11наурызда халықтық өнерді насихаттау және жас таланттарды қолдау мақсатында «Серебряные звуки» шығармашылық студиясының «Орман ертегісі» атты концерттік бағдарлама өткізілді.

12 наурызда «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасы аясында Семей қаласының «Прииртышье» өлкетану қоғамымен «Өлкетанушылармен кездесу» атты кездесу, 13 наурызда халықтық өнерді насихаттау және жас таланттарды қолдаумақсатында ТӨМ «Оркестр бөлімінің есеп беру концерті» өткізілді.

2020 жылдың 13 наурызында музей-қорықта станокта өрнекті бау тоқудың шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатты Ұлан ауданы Украинка ауылының шебері М.П. Бурковская өткізді. Мақсаты – ШҚО халықтарының дәстүрлі қолөнерін насихаттау.

11 наурызда Түркістан- Сібір теміржолы құрылысының 90 жылдығына арналған «Тараптарды тоғыстырған - Түрксіб»  атты  көрменің ашылуы болды. Көрмеге шақырылған теміржол ардагерлері Түрксібтің еліміздің экономикалық дамуына өлшеусіз үлесі, бар жан-дүниесін жанқиярлық еңбекке арнаған ерекше адамдар туралы атап айтты. Барлығы көрмеге 200-ге жуық жәдігерлер қойылды.

12 наурызда өнер музейінде  В.В. Бильковтың «Красный квадрат» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды. Қамтылуы-53 адам.

13 наурызда балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Қымыз - дертке дауа, жанға шипа» эко-маршрутын ұйымдастырды. Эко-маршрут барысында Алтай Репсубликасының Қосағаш ауылымен онлайн байланыс орнатылып, қазақ диаспорасының өкілдері қызым дайындау жолдарымен бөлісті. Қамтылуы-50 адам.

2020 жылдың 14 наурызында музей-қорықтың ағарту және көпшілік жұмыстары бөлімінің әдіскері Владимир Щеглов «Біздің қала батырлары» тақырыбында дәрісті Жеңістің  75 жылдығына орай ұйымдастырылған «Нет больше той любви, как если кто душу свою положит за друзей своих» атты конференция қатысушыларына оқыды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуір аралағында ел аумағында COVID коронавирус инфекцииясының таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасын Мәдениет және спорт министрі                         А. Райымқұлованың 2020 жылғы 14 наурыздағы № 63 «Пандемия кезеңінде короновирус инфекциясын таралуына жол бермеу шараларын күшейту» туралы бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. 16.03.2020 ж. № 56-НҚ «Төтенше жағдай кезеңінде уақытша шектеулер енгізу туралы» бұйрығы қабылданды.

Осыған орай,  Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты барлық мәдениет ұйымдары мен мекемелерінде мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізуге шектеу қойылды. Барлық шаралар онлайн форматқа көшірілді.

2020 жылдың 15 наурызынан мамыр айы аралығында онлайн форматта 500 жуық іс-шаралар өткізілді.

Дата публикации
22 мая 2020
Дата обновления
22 мая 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

13 октября 2026
Выборы депутатов маслихатов -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026
23 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 01.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы