Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы Бұланды өзенінің, Қараайғыр бұлағы мен атауы жоқ №№ 1, 2 бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесінің тұстамасындағы Бұланды өзенінің, Қараайғыр бұлағы мен атауы жоқ №№ 1, 2 бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Дата публикации
16 ноября 2020