Орта білім

Орта білім беру жүйесінде 98,0 мыңнан астам оқушыны қамтитын 343 мектеп жұмыс істейді. 

Облыста 343 тегін IT-класс, 150 робототехника кабинеті және 36 STEM-кабинет жұмыс істейді. Онда оқушылар цифрлық технологияларға қызығушылығын дамытып, бағдарламалау, 3D модельдеу және робототехника бағыттары бойынша білім алады.

Балалар үшін білім беру ұйымдарында қауіпсіз жағдайлар жасау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта облыстағы жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.

Облыс орталығында және аудан орталықтарында орналасқан 109 мектеп қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарымен жабдықталған (турникеттер мен дабыл түймелері орнатылған, мамандандырылған күзет қызметтерімен шарттар жасалған).

51 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу жұмыстарын аяқтау осы жылдың 25 тамызына дейін жоспарланған.

Облыс мектептерінің компьютерлік паркі 23 231 техникамен жабдықталған. 1 компьютерге оқушылар саны-3.

2024–2025 оқу жылында облыстың 324 мектебінде 97 577 оқушыны, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы 8164 баланы қамти отырып, ыстық тамақ ұйымдастырылған. 

Облыста 118 елді мекеннен 4485 бала 112 білім беру ұйымына 126 автобуспен тасымалданады. 2023 жылдан бастап 13 автобус сатып алынды.

Орта білім
Дата публикации
31 июля 2025