Облыста 38 колледж жұмыс істейді, оның 23-і мемлекеттік және 15-і жекеменшік. Колледждерде 19 966 студент оқиды, оның ішінде 16747 (84%) адам мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады. Мамандарды даярлау 101 мамандық бойынша жүргізіледі. ШҚО ТжКБ кадрлық әлеуеті 1657 инженерлік-педагогикалық қызметкерді құрайды.
«Баршаға арналған тегін ТжКБ» жобасын іске асыру үшін облыста жыл сайын колледждерге түсуге мемлекеттік тапсырыс саны артады.
Дуальды оқыту 5047 студентті қамтитын 448 кәсіпорынның қатысуымен 27 колледжде жүзеге асырылады.
Облыста кадрларды даярлау үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша 5 құзыреттілік орталығы жұмыс істейді, орталықтарда колледж студенттеріне WorldSkills әлемдік стандарттарына сәйкес келетін заманауи жабдықта оқудан өтуге мүмкіндік беретін практикалық оқыту ұйымдастырылады.
2022 жылдан бастап облыс колледждерінде жұмысқа орналасуға кепілдік берілген кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда өңірдің 155 кәсіпорнының қатысуымен облыстың 20 колледжі базасында нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша 2575 студент техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы бейіндері бойынша білім алуда.
2024 жылы Өскемен жоғары политехникалық колледжінің «Энергетика» бағыты бойынша құзыреттілік орталығы халықаралық аккредиттеуден өтті.
2025 жылы Өскемен құрылыс-техникалық колледжінің «Құрылыс» бағыты бойынша құзыреттілік орталығын халықаралық аккредиттеу жүргізу жоспарлануда.
2025 жылдан бастап еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен келген студенттерді оқыту бойынша «Серпін» жобасы қайта басталмақ.
2025-2026 оқу жылынан бастап «Жаңартылатын энергетика», «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Су көлігін пайдалану», «Логистика», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Зоотехния», «Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру» және «Төтенше жағдайда қорғау» мамандықтары бойынша мамандарды даярлау жоспарлануда.