Табиғатты қорғау іс-шаралары

2025 жылғы І жартыжылдықта биоресурстарды қорғауға және молықтыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының кешені іске асырылды:

- Шығыс Қазақстан облысының Қара Ертіс балық шаруашылығы су айдынын сібір бекіре тұқымы балығының екі жылдық шабақатырмен балықтандыру;

- Шығыс Қазақстан облысының Қара Ертіс балық шаруашылығы су айдынын сібірлік бекіре тұқымы балығының бір жаздық шабақтарымен балықтандыру.

Облыс орталығындағы 10 бекетте атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг іске асырылады, оның ішінде 5-і – қолмен сынама алу/автоматтандырылған, 5-і – автоматты станциялар. Атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпарат халыққа «AirKZ» мобильді қосымшасы және Қазгидрометтің интерактивті картасы арқылы қолжетімді.

Облыстың ірі кәсіпорындарында («Қазцинк» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС) эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін (бұдан әрі – МАЖ) орнату аяқталды. МАЖ енгізу қолайсыз метеожағдай кезеңдерінде мемлекеттік органдардың жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Өңірде 2023-2025 жылдарға арналған ШҚО-ның экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасы іске асырылуда.

Сонымен қатар, 2023–2025 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Бұл Жоспарда атмосфералық ауаны, су нысандарын, жағалау мен су экожүйелеріне, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерді азайту, қалдықтармен жұмыс істеу, ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да жұмыстар бойынша іс-шаралар көзделген.

Табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін дамыту және экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында облыс аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасына негізделген өңірлік жоспар жүзеге асырылуда.

Өңірлік жоспар қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған және 3 бағыт бойынша 44 іс-шараны қамтиды:

1-бағыт - экологиялық ойлау және мінез-құлық;

2-бағыт - экологиялық білім беру;

3-бағыт - экологиялық сауаттандыру және оны ақпараттық жария ету.

Ағымдағы жылы өткізілген іс-шаралар халықты, білім беру ұйымдарын және еріктілер бірлестіктерін кеңінен тартуға мүмкіндік берді.

Мәселен, «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыста:

-        33 мыңнан астам адам қатысты;

-        207 арнайы техника жұмылдырылды;

-        1020 тоннадан астам қалдық шығарылды;

-        665,9 гектар аумақ тазартылды.

Зкологиялық мәдениетті қалыптастыруда білім беру ұйымдары маңызды орынға ие. Облыс мектептерінде тақырыптық сынып сағаттары өткізілді, «ProEco» және «Мен зерттеушімін» конкурстарына 100-ден астам оқушы қатысып, олардың 27-і жүлдегер атанды. Бұдан бөлек, 85 оқушы «Табиғатты аяла» облыстық форумына қатысты.

Мәдени-ағартушылық іс-шаралар да маңызды рөл атқарады. 2025 жылы 34 мәдени шара өтті: «Экология. Кітап. Біз» атты кітап көрмесі, «Әлемді сақтайық», «Қаладағы қыс», «Атамекен», «Шығыс самалы», «Жаз», «Балалар қоқысқа қарсы», «Табиғат және біз» картиналар көрмесі, сондай-ақ «Су – өмір көзі», «Табиғат – ортақ үйіміз» дәрістері және «Табиғатты қорғаушылар» квесті.

Бұл жұмыстармен қатар, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері өз қаражаты есебінен елді мекендерді санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Сонымен бірге, облыста тұрақты түрде «Таза Аймақ», «Мөлдір бұлақ» және басқа да экологиялық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Табиғатты қорғау іс-шаралары
Дата публикации
28 июля 2025