15 наурызда ТОП басшысы Темірбек Қасымжановтың төрағалығымен Кәсіподақтар үйінде әлеуметтік әріптестік және еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа үш жақты комиссия мүшелері, «ПАРЫЗ» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясының өкілдері, басқарма басшылары мен орынбасарлары, қала және аудан әкімдіктерінің, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Жеке сот орындаушылар палатасы филиалының, «Востокцветмет» ЖШС-нің. өкілдері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Жалақы бойынша берешекті өтеу шаралары туралы мәселені ШҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов баяндады. Ол облыста 3 кәсіпорының бақылауда тұрғанын атап айтты. Олар: «Кэмонт» АҚ, «ШығысСтройГрупп» ЖШС, «Востокшахтостройлар» АҚ. Жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап айтты. «Востокцветмет» ЖШС жұмыстан босатылған қызметкерлердің санын азайту және жұмысқа орналастыру шаралары туралы екінші мәселе бойынша «Востокцветмет» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры Вячеслав Якупов баяндады, ол өз сөзінде «Ертіс» кенішіндегі жұмысшылар санын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Бұл жоспар «Востокцветмет» ЖШС ішінде де, «KAZ Minerals» тобының кәсіпорындарында да жұмысшыларды барынша жұмыспен қамтуға бағытталған, босатылған шахта қызметкерлерімен кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді көздейді. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит пен Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Елена Старенкова да сөз сөйледі. Қорытынды мәселе Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық кәсіподақ бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісім жобасын талқылау болды. Отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалар беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.