Шығыс Қазақстан облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен
тіркеу барысы туралы
2024 жылғы 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 12 сайлау округінде, Зайсан ауданының №5 және № 8 сайлау округтерінде, Ұлан ауданының № 3 сайлау округінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 15 - кандидат ұсынылды. Оның 7-уі саяси партиялар («АМАNАТ» партиясы - 4, ҚХП – 1, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 1, «Respublica» партиясы - 1), 8- і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 14 – ер адам және 1 – әйел адам.
7 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 1 – партия қатарында жоқ, 7 - партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 36 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында барлығы қазақтар.
12 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 10 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 5 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 12 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 30 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Сілтемелер:
3.Ұлан ауданы