Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан облысының Авиациялық бөлімшесі» КМК ШЖҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты

Осы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан облысының Авиациялық бөлімшесі» КМК ШЖҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саясаты (бұдан әрі – саясат және КМК ШЖҚ) Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына және КМК ШЖҚ ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.
2. Бұл саясат мыналарды белгілейді:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсаттар мен міндеттер;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары;
3) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары және оны орындау бойынша міндеттемелер;
4) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешені;
5) осы саясатты сақтау үшін жауапкершілік.
3. Осы саясаттың негізгі мақсаты КМК ШЖҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, КМК ШЖҚ және оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейімділігі, іскерлік беделді нығайту және қоғамның КМК ШЖҚ-ға сенімін арттыру болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан облысының Авиациялық бөлімшесі» КМК ШЖҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты
Дата публикации
22 июня 2023