Шығыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар 27,6 мың адам (бұдан әрі - МБА) тұрады, оның ішінде: I топ - 2,7 мың адам, II топ – 11,6 мың адам, III топ – 10,5 мың адам, мүгедектігі бар балалар саны - 2,8 мың.
Облыста мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жақсарту 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде жүргізіледі.