2022 жылы Әдеп жөніндегі уәкілдерге жүктелген функциялар аясында, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша 725 консультациялық кеңестер берілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады. Есеп беру кезеңі ішінде әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, заңнамаларды түсіндіруге қатысты сұрақтармен 360 адам жеке қабылдауда болса, соның ішінде: 110 адам көшпелі түрде, яғни аудандар мен ауылдық округтерге, ауылдарға шыққан кезде қабылданды.