Шығыс Қазақстан облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық паспорты

1.1. Облыс тарихы. Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды, 1997 жылы өңір аумағына Семей облысы қосылды. 1720 жылы негізі қаланған және Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан Өскемен қаласы әкімшілік орталық болып табылады.

Облыста 15 ауылдық аудан, 10 қала, 692 ауылдық және кенттік елді мекен, 239 ауылдық округ бар. Облыс  тұрғындары 2020 жылдың 1 қаңтарына 1369,6 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы орта есеппен облыс бойынша 1 шаршы км-ге 4,9 адамды құрайды. Облыс халқының этникалық құрамы мынадай қатынаста ұсынылған: қазақтар – 61,1%, орыстар – 35,6%, басқа ұлттар – 3,3%.

Шығыс Қазақстан облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық паспорты
Дата публикации
05 июня 2020