«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ (бұдан әрі - РТРК), «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының, «Kókshe», «Qostanai», «Qyzyljar», «Ertis», «Semei», «Altai», «Saryarqa», «Jambyl», «Ońtústik», «Qyzylorda», «Aqtobe», «Aqjaiyq», «Atyraý», «Mańǵystaý» аймақтық Теле-, радиоарналарында «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиоарналарының, (бұдан әрі - Теле-, радиоарналар) меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Теле-, радиоарналарда эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.