2021 жылғы желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оған сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалады, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Меморандумның мақсаты жергілікті атқарушы органдардың комплаенс-қызметтерінің жұмысын жүйелеу болып табылады. Комплаенс-қызметтерді құру және әдістемелік сүйемелдеу бойынша үйлестіруші рөл Департаментке берілген.