ЖОБА
2022 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Абай ауданы бойынша;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алтай ауданы бойынша;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Аягөз ауданы бойынша;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Бесқарағай ауданы бойынша;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданы бойынша;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес Глубокое ауданы бойынша;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес Жарма ауданы бойынша;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес Зайсан ауданы бойынша;
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес Катонқарағай ауданы бойынша;
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданы бойынша;
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес Күршім ауданы бойынша;
12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес Курчатов қаласы бойынша;
13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес Риддер қаласы бойынша;
14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес Семей қаласы бойынша;
15) осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес Тарбағатай ауданы бойынша;
16) осы қаулының 16-қосымшасына сәйкес Ұлан ауданы бойынша;
17) осы қаулының 17-қосымшасына сәйкес Үржар ауданы бойынша;
18) осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес Өскемен қаласы бойынша;
19) осы қаулының 19-қосымшасына сәйкес Шемонаиха ауданы бойынша бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ (С.А. Жумадилова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.М. Мухамедчиновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Шығыс Қазақстан облысының
әкімі Д. Ахметов