Шығыс Қазақстан облысының аумағында 82 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ТжКБ) жұмыс істейді, оның ішінде 48-і мемлекеттік және 34-і жеке меншік колледж.
ТжКБ ұйымдарының қолда бар желісі 34 000 адамды оқытуды қамтамасыз етеді. Кадрларды даярлау 112 мамандық/235 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.