Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабының 2), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: