Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Шар өзені, оның салалары: Ағынықатты, Шмокинский Ключ, Муравьевский Ключ бұлақтары және атауы жоқ №№ 1,2 бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы
1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Шар өзені, оның салалары: Ағынықатты, Шмокинский Ключ, Муравьевский Ключ бұлақтары және атауы жоқ №№ 1,2 бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Дата публикации
12 мая 2021