Облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметі Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тұрғындардың өмір сүру деңгейін сақтауға, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға және коронавирустың таралуының алдын алуға қойылған міндеттерін орындауға бағытталған.
2020 жылы өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың оң қарқыны сақталды. Инвестициялар көлемі 112%-ға, құрылыс жұмыстары - 127%-ға, өнеркәсіп өндірісі - 101,5%-ға, ауыл шаруашылығы - 102,6%-ға өсті. 118% өсіммен 520 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 50%-ға, оның ішінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 20%-ға ұлғайды. Жұмыссыздық 4,9%-дан аспайды (ҚР бойынша - 5%). Орташа айлық жалақы 18%-ға өсіп, 190 мың теңгені құрады.