Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, «Өскемен қаласының құрамдас бөліктеріне атау және қайта атау беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 434 қаулысы және Өскемен қаласы мәслихатының 2020 жылғы 26 қарашадағы № 63/4 шешімі, «Өскемен қаласының құрамдас бөлігіне қайта атау беру жөнінде ұсынысты енгізу туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 4749 қаулысы және Өскемен қаласы мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/9-VI шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Дата публикации
01 марта 2021