Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына 2020 жылғы айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.