Ұялы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат
2025 жылдың жартыжылдығында облыстың 357 елді мекенінен (бұдан әрі - ЕМ) бүгінгі күні 234 ЕМ интернетпен қамтамасыз етілді, 123 елді мекен кезең-кезеңімен қамтамасыз етілетін болады.
Телекоммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін тиімді пысықтау нәтижесінде байланыс операторларымен бірлесіп 2025 жылғы қаңтар – маусым аралығында 16 ЕМ қамтамасыз етілді (2024 жылы 45 ЕМ, 2023 жылы – 173 ЕМ /20, 2022 жылы-153 ЕМ/17 ЕМ қамтамасыз етілді).
- 94 ЕМ 3G технологиясы арқылы мобильді Интернетке қол жеткізе алады;
- 140 ЕМ 4G технологиясы арқылы мобильді интернетке қосылған;
- 12 ЕМ үй шаруашылықтарына дейін радио көпірлер арқылы интернетпен қамтамасыз етілген;
- 8 ЕМ-де «Kazsat» геостационарлық спутниктерінің Wi-fi жалпыға қолжетімді кіру нүктелері, радиусы 50м, жылдамдығы 10 Мбит/с дейін орнатылған және іске қосылған.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін пайдалана отырып, мемлекеттік мекемелер орналасқан 204 елді мекенді қосу көзделген.
Сонымен қатар, Өскемен қаласында «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС
(Сауда маркасы – Теле2/Altel) 5G стандартының 32 базалық ұялы байланыс станциясы (бұдан әрі-БС) орнатылды, 2025 жылдың соңына дейін оператор БС санын 62-ге дейін ұлғайтуды жоспарлады.
Өскемен қаласында электр беру желілерінің тіректері арқылы үй шаруашылықтарына талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу арқылы ақ дақтарды жою бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде, жұмыстар 19, 20,21, 22, 23 - шағын аудандарда, Куленовка кентінде жүргізілді. Сондай-ақ, қаңтар айынан бастап Глубокое ауданының Опытное поле ауылының тұрғындарына ТОБЖ кабелін бірлесіп ілу үшін жұмыс басталды, бұл жақын маңдағы үй шаруашылықтарының тіркелген интернетін қосуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында автожолдар бойындағы интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамту бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 22 АДҚ (90% РБ, 10% ЖБ) салу жоспарланған болатын.
- 16 АДҚ бойынша жобалық-сметалық құжаттама сараптамасының оң қорытындылары алынды, қаржыландыруды алу үшін ҚР ЦДИАӨМ-ге жолданды;
- 3 АДҚ мемлекеттік сараптамадан өту сатысында;
- 3 АДҚ бойынша ЖСҚ әзірлеуде.
Сонымен қатар, апта сайын «Битрикс» ақпараттық жүйесінде базалық жоспар тармақтарының орындалуына мониторинг жүргізіледі.
Файлды жүктеу: Ұялы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету бойынша ақпарат