Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Экология
Документы
Ақпарат
25 июля 2025
Экологиялық реттеу
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Аң аулауға қандай мерзімдерде рұқсат етіледі және қолданыстағы аңшылық маусымының мерзімдерімен қайдан танысуға болады?

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес аң аулау мерзімдері төмендегідей белгіленген:

Жануар түрлері

Аң аулау мерзімдері

Ондатр

1 қазаннан 15 ақпанға дейін

Кәдімгі тиін

20 қазаннан 15 ақпанға дейін

Қарсақ, түлкі, бұлғын, құну, сасық күзен, аққалақ, ақкіс, колонок, дала күзені, америкалық қара күзен, кәмшат (ортаазиялық түрінен басқа), сілеусін (түркістандық түрінен басқа), жанат, қоян (ақ қоян, ор қоян)

1 қарашадан 15 ақпанға дейін (солтүстік аймақта** қарсақ, түлкі және қоянды аңшы иттерімен және саятшылық құстармен аулау – 15 қазаннан бастап)

Толай қояны

1 қарашадан 31 қаңтарға дейін

Сары саршұнақ (құмтышқан)

Қысқы ұйқыдан шыққан күннен бастап 30 сәуірге дейін

Суырлар*

Оңтүстік аймақта*** – 5 маусымнан қысқы ұйқыға кеткенге дейін; солтүстік аймақта** – 15 маусымнан қысқы ұйқыға кеткенге дейін

Балшықшы құстар, орман тауығы (вальдшнеп)

1 шілдеден 30 қарашаға дейін (көктемде еркек орман тауығын аулауға 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)

Бөдене, көгершін, түркептер

20 тамыздан 30 қарашаға дейін (аңшы иттерімен және саятшылық құстармен бөдене аулау – 15 шілдеден құстар ұшып кеткенге дейін)

Сүңгуір құс, қаз*, қара қаз, үйрек*, қасқалдақ

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында – тамыз айының соңғы сенбісінен 30 қарашаға дейін. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында – қыркүйек айының бірінші сенбісінен 15 желтоқсанға дейін. Атырау облысында – 15 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін. Маңғыстау және Түркістан облыстарында – қыркүйек айының екінші сенбісінен 31 желтоқсанға дейін. (Көктемде аталық үйректі аулауға 1 наурыздан 15 мамырға дейінгі кезеңде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.)

Құр (ақ, тундра, сұр, шөлейт, сақалды), шіл

Қыркүйек айының бірінші сенбісінен 30 қарашаға дейін

Қара құр

Қыркүйек айының бірінші сенбісінен 15 желтоқсанға дейін (аңшы иттерімен және саятшылық құстармен – 15 тамыздан бастап). Көктемде аталықтарын аулауға 1 наурыздан 15 мамырға дейінгі кезеңде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі.

Қоңыр аю (Тянь-Шань қоңыр аюынан басқа)

Қыркүйек айының бірінші сенбісінен 30 қарашаға дейін. Көктемде аталықтары мен қысыр аналықтарын 15 сәуірден 15 мамырға дейінгі кезеңде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге аулауға рұқсат етіледі. (Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген немесе материалдық залал келтірілген жағдайда, уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдарына аңшылық мерзіміне қарамастан қоңыр аюды атуға жол беріледі.)

Борсық

Оңтүстік аймақта*** – 1 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін; солтүстік аймақта** – 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін

Жанаттәрізді ит

1 қыркүйектен қысқы ұйқыға кеткенге дейін

Қабан, кабарга

Қыркүйек айының бірінші сенбісінен 31 желтоқсанға дейін

Сібір елігі, сібір таутекесі, марал, аскания бұғысы, бұлан

Аталықтарына – 15 шілдеден; аналықтары мен төлдеріне – 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін

Құр (глухарь)

1 қазаннан 30 қарашаға дейін. Көктемде аталықтарын 10 сәуірден 15 мамырға дейінгі кезеңде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге аулауға рұқсат етіледі.

Гималай ұлары, кекілік

1 қазаннан 15 желтоқсанға дейін

Өзен құндызы

15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін

Қырғауыл

1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін (аңшы иттерімен және саятшылық құстармен – 1 қазаннан бастап)

Қасқыр

1 қарашадан 1 наурызға дейін

 

Ескертпелер:

  • Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерді қоспағанда;
  • Солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай, Ұлан, Алтай, Глубокое, Шемонаиха, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандары және Риддер қаласына қарасты жерлер, сондай-ақ Абай облысының Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Жаңасемей аудандары және Семей қаласына қарасты жерлер.

•           *Оңтүстік аймақ: Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстары, Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Зайсан аудандары, Абай облысының Ақсуат, Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандары.

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы