БЕКІТЕМІН
«ШҚО жолаушы көлігі және автомбиль жолдары басқармасы» ММ басшысы
____________ А. Султанов
«____» _________ 2026 г.
2025–2026 жылдардағы «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі
|
№ п/п |
Тәуекел көрсеткіші/ Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы
|
Іс - шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
||||
|
1. |
ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ БӨЛІМІ |
|
||||||||
|
1.1. |
Лицензиялау функцияларын жүзеге асыру – бағыты : «- жеке және заңды тұлғалармен жеке байланыс» көрсеткіші бойынша. |
|
|
|
||||||
|
|
Жолаушыларды және багажды облысаралық қаларалық, ауданаралық (облыішілік қаларалық ) тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурсты өткізу кезінде тасымалдаушылар – тендерге қатысушылардан барлық конкурстық құжаттаманы қабылдау Басқарманың мемлекеттік қызметшісі – конкурстық комиссияның хатшысы арқылы қағаз түріндегі конверттерді қолма-қол қабылдау арқылы жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне Жолаушылар мен багажды облысаралық қаларалық, ауданаралық (облысішілік қалаарлық) тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурсты Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес электрондық форматқа көшіру мәселесі қозғалсын. |
Бастамашылық хат |
Кинаятов М.Т. |
18.08.2026 ж. |
|
||||
|
1.1.2 |
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынасы бойынша жолаушыларды тасымалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін конкурстық құжаттаманы қабылдауды комиссияның хатшысы қағаз жеткізгіште жүзеге асырады. |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне мемлекеттік сатып алу порталының мысалын пайдалана отырып, конкурстық құжаттаманы қабылдау үдерісін электрондық форматқа көшіру қажеттілігі туралы бастама көтерілсін. |
Бастамашылық хат |
Кинаятов М.Т. |
18.08.2026 ж. |
|
||||
|
1.2 |
Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру – бағыты: « - рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру тәртібінің болмауы немесе ішінара реттелуі » көрсеткіші. |
|
|
|
|
|||||
|
1.2.1 |
Жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру бойынша конкурстарды өткізу және ұйымдастыруға құжаттарды қабылдаудан және конкурстық комиссияның отырысынан басқа,конкурс алдындағы комиссияны құру және оның жұмыс істеуі енеді. Байқау алдындағы комиссияның жұмысы фото және бейне құралдарды пайдалана отырып, тексеру нәтижелерін міндетті түрде жазып алу бөлігінде реттелмейді. |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне конкурс алдындағы комиссияның тексеру процесін тиісті регламенті бар фото және бейнежазбаға түсіру қажеттігіне және тексеру іс-шараларының мақсаттарына қол жеткізу үшін конкурс алды комиссия мүшелерін тексеру объектілері мен түрлері бойынша бөлуге рұқсат беруді Қағиданың ережесінен алып тастау бастамасы көтерілсін. |
Бастамашылық хат |
Кинаятов М.Т. |
18.08.2026 ж. |
|
||||
|
1.2.2 |
Маршруттарды және тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық),облысаралық қалааралықжолаушылаур мен багажды автомобильмен тасымалдаудың қозғалыс кестелері ұйымдастырушының кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне «Е-лицензиялау» порталы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде электрондық форматқа көшіру арқылы тасымалдаушылар мен ұйымдастырушы (Басқарма) арасындағы өзара іс-қимылды алып тастау қажеттілігіне бастама көтерілсін. |
Бастамашылық хат |
Кинаятов М.Т. |
18.08.2026 ж. |
|
||||
|
1.2.3 |
Уәкілетті орган берген куәліктердегі жылжымалы құрам бойынша өзгерістер енгізу тәртібі ұйымдастырушының кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіштерге жүзеге асырылады. |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне «Е- лицензиялау» порталы мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде электрондық форматқа көшіру арқылы тасымалдаушылар мен ұйымдастырушы (Басқарма) арасындағы өзара іс-қимылды алып тастау қажеттігіне бастама көтерілсін. |
Бастамашылық хат |
Кинаятов М.Т. |
18.08.2026 ж. |
|
||||
|
2. |
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ БӨЛІМІ |
|
||||||||
|
2.1. |
Құқықтық алшақтық – бағыты: « - лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің құзіретін реттейтін кережелердің болмауы» көрсеткіші бойынша. |
|
|
|
|
|||||
|
2.1.1 |
Жолдарды орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау үшін техникалық қадағалау қарастырылған. Автомобиль жолдарының құрылысы саласында қажетті білімі жоқ тұлғалардың техникалық қадағалауды жүргізу қаупі бар.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жол құрылысы объектілеріне техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйымдарды аккредиттеу үшін жол құрылысы саласында мамандалған сертификатталған сарапшылардың міндетті түрде болуын қамтамасыз ету талабын заңды негізде бекіту туралы хатқа бастамашылық етілсін. |
Бастамашылық хат |
Советқанов М.Қ. |
18.08.2026 ж. |
|
||||
|
2.2 |
Ашық пен жариялылықты қамтамасыз ету – бағыты : « - қоғамыд қызықтыратын мәселелер бойынша шешім қабылдау рәсімдеріне қоғам мүшелерін тартпау». Көрсеткіші бойынша. |
|
|
|
|
|||||
|
2.2.1 |
Облыстық маңызы баржалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салудың,жөндеудің және күтіп ұстаудың барысы мен сапасын бақылау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін, өйткені тапсырысберушінің қызметкерлері мердігерлермен тікелей байланыста болады. Сондай-ақ, жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде тексеру рәсімдерін тек мүдделі тұлғалар жүргізеді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады. Шешім қабылдауда қоғамдық бақылау жоқ. Объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде арнайы комиссиялар құрылады. Олар тек тапсырыс берушінің,бас мердігердің, авторлық және техникалық қадағалаудың өкілдерінен тұрады.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстаудың барысы мен сапасын бақылауға, автомобиль жолдарын салу және жөндеу күтіп ұстаудың барысы мен сапасын сапасын бақылауға, автомбиль жолдарын салу және жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың сапасын тексеру барысына, сондай-ақ объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде қоғамның қатысуын заңды негізде бекіту туралы хатқа бастамашылық етілсін. |
Бастамашылық хат |
Советқанов М.Қ. |
18.08.2026 ж. |
|
||||
|
2.3. |
Ұйымдастырушылық-басқару қызметәнен туындайтын басқа да мәселелер бағыты : «- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатп алу» көрсеткіші бойынша. |
|
|
|
|
|||||
|
2.3.1 |
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мыналар көзделген – шарттың орындалуын қамтамасыз етудің 3 %-ы шарт орындалғаннан кейін қайтарылады. Шарттың орындалуын қаматамассыз етудің 3 %-ын кепілдік мерзімі өткеннен кейін мердігерге қайтару мақсатқа сай деп санаймыз. Кепілдік мерзімі ішінде ақаулар анықталған жағдайда, мердігер өз қаражаты есебінен аақауларды жоюға міндетті. Мердігер ұйым банкрот деп танылған жағдайда, кепілдік берілген учаскелерде мердігер ұйымның анықталған ақауларды жою мүмкіндігі жоқ. |
Қазақстан Республикасының министрлігіне келісім-шарттың орындалуыни қамтамасыз етуді кепілдік мерзімі өткенеен кейін қайтару жөніндегі ұсыныстар енгізу туралы хатқа бастамашылық етілсін, кейіннен аталған қаражатты ақауларды жоюға бағыттау, бұл жолдардың сапасын жақсартуға әсер етеді.
|
Бастамашылық хат |
Советқанов М.Қ. Сапанова А.М. |
18.08.2026 ж. |
|
||||
|
2.4. |
Ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын бас қа да мәселелер – бағыты боынша: «бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу » көрсеткіші бойынша. |
|
|
|
||||||
|
2.4.1 |
Асырылатын бюджет қаражатын ай сайынғы игерумен жол жөндеу жұмыстарының нақты орындалмаған көлемде ақы төлеу тәуекелі. Мәселе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындалған жұмыс көлеміне қарай объект бойынша қаражатты бөлу процесін дербес жүзеге асыру мүмкіндігінсіз,бекітілген ай сайынғы қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражжы жоспарлау мен жұмсаудың бюджеттік рәсімдерінде жатыр. |
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жұмыс сапасының басымдығын қамтамасыз ету мақсатында бюджетті келесі бюджеттік кезең жобасна ауыстыру, бюджетті әзірлеу мерзімдері мен жұмыстарды орындау мерзімдеріне сілтеме жасамай жобалық қаржыландыруды енгізу қажеттілігі туралы хатқа бастамашылық жасалсын.
|
Бастамашылық хат |
Советқанов М.Қ. Сапанова А.М. |
18.08.2026 ж. |
|
||||