БЕКІТЕМІН
«ШҚО энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы » ММ басшысы
__________________ Н. Рамазанов
«______» _______________ 2025 ж.
«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі бойынша анықталған,
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі
|
№ |
Тәуекел көрсеткіші/ сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі |
||||
|
1.1 |
Бағыт-нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар: |
|
|
|
|
|
1.1.1 |
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған ҚР азаматтарына, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдарға пайдалануға беріледі.Бұл ретте, әскери қызметшілер ұғымы -Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары; ( 2-баптың 1-2) тармақшасы).Тұрғын үйді кезекпен күту мерзімі бірнеше жыл болуы мүмкін екенін ескере отырып, бұрын тұрғын үй алу үшін кезекке қойылған әскери қызметшілер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін немесе денсаулығына байланысты запасқа шығуы мүмкін. Әскери қызметші өз мәртебесін жоғалтқан жағдайда тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган ( ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 73-бабына сәйкес мұқтаждарды есептен шығаруға негіз жоқ. |
Осы сәйкессіздікті жою үшін уәкілетті орталық органға хат жолдансын және Заңның 73-баптың 1-тармағын 6) тармақшамен толықтыру туралы мәселені қарастыру қажет деп санаймыз:"әскери қызметшілер запасқа шығарылған жағдайда". |
Бастамашылық хат |
Бауыржанова Г.Б. |
20.10.2025ж. |
|
1.2 |
Бағыт-НҚА-да нақтылаудың болмауы |
|
|
|
|
|
1.2.1 |
10-3-бапта Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті айқындалған. Мәселен, 10-3-баптың 2-тармағының 8), 9) және 10) тармақшаларында Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары делінген: - елді мекенге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;- пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерде лифттерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруға және қаржыландыруға құқылы;- пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;Яғни, жергілікті атқарушы органдар жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуге құқылы. Олар сондай-ақ бас тартуға құқылы. Осы бапта жергілікті атқарушы органдар функциясының нақты реттелмеуі лауазымды адамдарға қандай да бір функцияны жүзеге асыруды таңдау құқығын береді, осылайша Заңның осы олқылығын өзінің жеке мүддесі үшін пайдалану қаупін туғызады. Яғни, лауазымды тұлға белгілі бір жағдайларда (өзі үшін тиімді) белгілі бір шешімнің пайдасына таңдау жасай алады. | Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының функцияларын нақтылау бөлігінде "тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңына өзгеріс енгізуге бастамашылық жасау үшін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орталық органға хат жолдансын.
|
Бастамашылық хат |
Бауыржанова Г.Б. |
20.10.2025 ж |