Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы.

Бекітемін

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысы

__________________Е. Тураров

«___» _____________ 2026 жыл.

 

2025–2026 жылдардағы «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі

 

 

№

р/с

Тәуекел индикаторы / сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Аяқтау мерзімі

1.

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімі

1.1

Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 46-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Басқарма құрылыс объектілерінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады.

Сонымен қатар, ҚК-нің 46-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Осы ретте, Кодекстің 144-бабы 4-тармағына сәйкес жоспардан тыс тексеру – бақылау және қадағалау органы нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қауіптің алдын алу және (немесе) жою мақсатында тағайындайтын тексеру болып табылады.

Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының бұзылуы туралы жеке және заңды тұлғалардың дәлелді негіздер мен растайтын айғақтар болған кездегі өтініштері негіз болып табылады.

Алайда, Кодексте және өзге де мемлекеттік нормативтік актілерде нақты фактілер мен дәлелді негіздердің нақты тізбесі көзделмеген.

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне тексерулерді тағайындау үшін жеткілікті нақты фактілер мен дәлелді негіздердің ең төменгі талаптарын Кодекске немесе жеке мемлекеттік нормативтік актіге енгізу бойынша ұсыныстар жолдау (мысалы: тексеру актілері, фото және бейнематериалдар, сарапшылардың қорытындылары, қосымшалары бар шағымдар және т.б.).

 

Өтініш

Басқарманың жауапты қызметкерлері (Салимов Р.Б.)

Жыл бойы

 

1.2

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №114 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 12-тармағы 2-бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушының міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алу көзделген. Алайда қазіргі таңда қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректер базасы арасында интеграцияның болмауына байланысты бұл рәсім қолжетімсіз.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға және «ҰАТ» АҚ-ға МСҚБ қызметкерлеріне бірыңғай                    жинақтаушы зейнетақы қорынан ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хат жолдау.

Хаттама

Басқарманың жауапты қызметкерлері (Салимов Р.Б.)

2026 жылғы 26 қараша

 

 

 

œСалимов Р. Б.

É/Ê401176

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

 

Жалпы ұсынымдар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне тексерулерді тағайындау үшін жеткілікті нақты фактілер мен дәлелді негіздердің ең төменгі талаптарын Кодекске немесе жеке мемлекеттік нормативтік актіге енгізу бойынша ұсыныстар жолдау (мысалы: тексеру актілері, фото және бейнематериалдар, сарапшылардың қорытындылары, қосымшалары бар шағымдар және т.б.).
  2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органға және «ҰАТ» АҚ-ға МСҚБ қызметкерлеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хат жолдау.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы