|
|
БЕКІТЕМІН
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы
_________________ И. Ансат 2026 жылғы «____» шілде |
2025–2026 жылдардағы «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі
(2025 жылғы шілде–желтоқсан және 2026 жылғы қаңтар–сәуір кезеңі)
|
№ п/п |
Тәуекел индикаторы / сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы |
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі Срок завершения |
|
1-БАҒЫТ. Объектінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
|||||
|
1 |
Жер қойнауы учаскелерін «цифрлық басып алу» арқылы жасанды түрде ұстап тұру (платформаның техникалық жеткіліксіздігі) |
||||
|
|
Өтінімдерді берудің автоматтандырылған құралдарын (боттар, скрипттер, API-құралдары және өзге де цифрлық шешімдер) пайдалану мәселелері реттелмеген, бұл нарықтың жекелеген қатысушыларына автоматты режимде өтінімдерді беру жылдамдығы есебінен жасанды техникалық артықшылық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бір уақыт аралығында келіп түскен өтінімдерді өңдеудің бірыңғай тәртібі жоқ, бұл өтініш берушілердің басымдығын айқындау кезінде құқықтық және техникалық белгісіздік туындатады. |
Бейінді министрлікке мынадай мәселелер бойынша бастамашылық жасау: БЖП (бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы) жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық актілері мен техникалық регламенттеріне мынадай өзгерістер енгізу: • екі факторлы аутентификацияны (Digital ID/биометриялық сәйкестендіру) енгізу; • өтінімдерді берудің автоматтандырылған құралдарын пайдалануға тыйым салу; • бір уақыт аралығында берілген өтінімдерді қараудың бірыңғай тәртібін белгілеу; • БЖП ақпараттық жүйесіне техникалық аудит жүргізу. |
Хат |
Ж. Шарипханова |
2026 жылғы 25 шілде
|
|
2 |
Кеншілер жұмыстары жоспарын келісу кезіндегі дискрециялық кедергі |
||||
|
|
Кен іздеушілікке лицензия алудың жеңілдетілген тәртібіне қарамастан, кен іздеу жұмыстарының нақты басталуы Кен іздеушілік жұмыстарының жоспары келісілгеннен және экологиялық рұқсат алынғаннан кейін ғана мүмкін болады. Кен іздеушілік жұмыстары жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар мен оны бағалау өлшемшарттары жеткілікті түрде нақтыланбаған, бұл уәкілетті және аумақтық органдар тарапынан әртүрлі түсіндіруге жол береді. Талаптардың біріздендірілген тізбесінің және цифрлық тексеру стандартының болмауы материалдарды қарау тәжірибесінің әркелкілігіне, оның ішінде қосымша құжаттарды талап етуге, қарау мерзімдерін созуға және формальды негіздер бойынша қарауды тоқтата тұруға алып келеді. |
Бейінді министрлікке мынадай ұсыныспен шығу:
Кен іздеушілік жұмыстары жоспарына қойылатын талаптардың жабық (толық) тізбесін белгілеу, рәсімді электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз ету және оны қарау мерзімін 10 жұмыс күнінен аспайтын етіп айқындау.
|
Хат |
Ж. Шарипханова |
2026 жылғы 25 шілде
|
|
3 |
Жасырын қосалқы мердігерлік және «жалған кен іздеушілік» |
||||
|
|
Лицензияны үшінші тұлғаларға беруге қолданыстағы тыйым салынғанына қарамастан, мердігерлік, қызмет көрсету және өзге де азаматтық-құқықтық шарттар негізінде өндіру жұмыстарын іс жүзінде үшінші тұлғалардың орындау мүмкіндігі сақталып отыр. Бұл лицензияның формальды түрде бір субъектінің атына рәсімделіп қалуына, ал пайдалы қазбаларды нақты өндірудің басқа тұлғалардың техникасын, персоналын және өндірістік қуаттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде нақты жер қойнауын пайдаланушыны лицензияның номиналды иеленушісімен алмастыру тәуекелі туындайды, бұл мемлекеттік бақылаудың ашықтығын төмендетіп, жер қойнауын пайдаланудың нақты құрылымы туралы мәліметтердің бұрмалануына алып келеді.
|
Бейінді министрлікке Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексіне кен іздеушілік учаскелерінде өндіру жұмыстарын орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға тікелей тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу. |
Хат |
Ж. Шарипханова |
2026 жылғы 25 шілде
|
|
4 |
Кен іздеушілікке арналған аумақтарды қалыптастырудың ашықтығының болмауы |
||||
|
|
Кен іздеушілікке рұқсат етілген аумақтардың тізбесі жергілікті атқарушы органдармен іріктеудің бірыңғай нормативтік тұрғыдан бекітілген өлшемшарттарынсыз қалыптастырылады. Кен іздеушілікке арналған аумақтарды қалыптастырудың бекітілген әдістемесінің болмауы жер учаскелерін тізбеге енгізу немесе одан шығару мәселелерінің бірыңғай, ашық геологиялық және экономикалық өлшемшарттарсыз, лауазымды тұлғалардың қалауына қарай шешілуіне алып келеді.Нәтижесінде өңірлер арасында тәсілдердің біркелкі болмауы және кен іздеушілік қызметке арналған жер учаскелерін бөлудің ашықтығының төмендеуі тәуекелі туындайды. |
Бейінді министрлікке геологиялық деректер, пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансы және бірыңғай іріктеу өлшемшарттары негізінде кен іздеушілік аймақтарды қалыптастырудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту туралы ұсыныс енгізу. |
Хат |
Ж. Шарипханова |
2026 жылғы 25 шілде
|
|
5 |
Құжаттардың нақты тізбесінің болмауы қосымша әкімшілік кедергілердің туындауына ықпал етеді |
||||
|
|
Бизнес-иммигранттың уақытша тұруға рұқсатты (РВП/С5) ұзартуға өтінішхат беру үшін жергілікті атқарушы органға өтініш жасаған кезде қоса ұсынылуға тиіс құжаттардың нақты тізбесі айқындалмаған. Бұл уақытша тұруға рұқсатты (РВП/С5) ұзартуға немесе оның қолданылу мерзімін қысқартуға заңды негіз болып табылатын рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, бизнес-иммигранттарға өтінішхат беруден бас тартудың нақты негіздері де белгіленбеген.
|
Бұрын жолданған ұсыныс бойынша тәуекелдің жойылмауына байланысты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2025 жылғы 20 мамырдағы № 2/3705-И хат жолданған), бейінді министрлікке нормативтік құқықтық актілергеөзгерістер енгізу туралы ұсынысты қайта жолдау, оның ішінде бизнес-иммигранттың уақытша тұруға рұқсатты (РВП/С5) ұзарту туралы өтінішхат алу үшін жергілікті атқарушы органға өтініш берген кезде ұсынылатын құжаттардың нақты (толық) тізбесін белгілеу бөлігінде.
|
Хат |
А. Айткужинова
|
2026 жылғы 25 шілде
|
|
2-БАҒЫТ. Объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау |
|||||
|
6 |
Ұзаққа созылған кадр тапшылығы жағдайында бюджеттік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге байланысты жүйелі тәуекелдер. |
||||
|
|
Қаржы-экономикалық блоктағы штаттық лауазымдарға үміткерлердің болмауына байланысты бюджеттік қаражатты ішкі бақылау және әкімшілендіру функцияларын уақытша мәжбүрлі түрде қатар атқару. |
1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша тартылған штаттан тыс маманмен жасалатын шартта мыналарды көздеу: – функциялар мен жауапкершілік аймақтарын нақты бөлу; – дайындалатын қаржылық құжаттардың дұрыстығы, толықтығы және заңдылығы үшін дербес жауапкершілікті бекіту; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды, құпиялылық талаптарын және кәсіби әдепті сақтау; – қаржылық деректерге уәкілетті тұлға қол қойғанға дейін ішкі бақылау және келісу рәсімдерінің міндетті түрде жүргізілуін белгілеу. 2. Өңірлік кадр резерві мен мемлекеттік қызметке үміткерлер пулынан кандидаттарды іріктеуге жәрдем көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне өтініш жолдау. 3. Мемлекеттік қызмет және бюджет саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қаржы-экономикалық блоктағы лауазымдардың біліктілік талаптары мен функционалдық сыныптамасын қайта қарау туралы негізделген ұсыныс жолдау, оның ішінде жекелеген лауазымдарды неғұрлым жоғары функционалдық деңгейге жатқызу мүмкіндігін қарастыру арқылы, мынадай мән-жайларды ескере отырып: – қаржылық жауапкершіліктің жоғары деңгейін; – бюджеттік процестің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі функциялардың аса маңызды мәнін; – сыбайлас жемқорлық және операциялық тәуекелдердің жоғарылығын; – тұрақты кадр тапшылығы мен еңбек нарығындағы еңбекақы деңгейінің бәсекеге қабілетсіздігін. |
Хат |
А. Мухамадиева |
2026 жылғы 25 шілде
|
Ескерту: жұмыс тобының хатшысы Краскова А.Г. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау арқылы, талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізсін.
Басқарма басшысының орынбасары Д. Болатбек
Орынд. Краскова А.Г.