Жалпы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы табиғи-климаттық аймақтарының үлкен әр түрлілігімен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде зор биологиялық әр түрлілігімен түсіндіріледі.
Облыс аумағында құстардың 335 түрі және сүтқоректілердің 94 түрі мекендейді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, құрып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың 50 түрі кездеседі.
Облыстың біршама аумағын, ал ол 2 млн 167 мың га-дан асатын жер, ерекше күтілетін табиғат аймақтары алып жатыр (мемлекеттік қорықтар, табиғи резерваттар мен қаумалдар). Шығыс Қазақстанда олар – 13.
Ерекше күтілетін табиғи аумақтарды құруға құрып кету қаупі бар және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің санын сақтау мен көбейту мүмкіндік туғызды. Облыс аумағында ілбіс, сабаншы, алтай құлжасы, арқар, ақтөс сусарысы, алтай ұлары, қара ләйлек, бүркіт, ителгі, лашын, аққұйрық субүркіт, дуадақ, балықтардың таймен, сылан, эндемикалық түрі – Марқакөл майқаны (үскіш), секілді жануарлар мекендейді және олар қорғалады.
Осы түрлердің әрбіреуі Батыс және Оңтүстік Алтай табиғаты қазынасының қоржынында асыл тастар болып табылады.
Бүгінгі күні облыста 6,5 млн. га алаңды құрайтын 41 аңшылық шаруашылығы бар. Шығыс Қазақстан облысы бойынша аңшылық жерлер алаңын бекіту пайызы 58,5%-ды құрайды.
Биоалуантүрлілікті сақтау
Жүргізілген биотехникалық іс-шаралар нәтижесінде жабайы жануарлардың негізгі аңшылық-кәсіптік түрлері популяциясының жағдайын тұрақтандыруға және олардың санының орнықты өсуіне жетуге мүмкіндік берді (бұлан, марал, елік, сібір тау ешкісі, қабан, саңырау құр, құр, сұр құр, кекілік).
Облыста барлығы 37 жабайы жануарлардың аңшылық-кәсіпшілік түрі бар: оның ішінде тұяқтылар (марал, бұлан, сібір тау ешкісі, елік, қабан, құдыр), аң терілі (қоңыр аю, қасқыр, құну, сілеусін, түлкі, қарсақ, бұлғын, борсық, сарғыш күзен, америкалық су күзені, ақ қалақ, ақкіс, сасық күзен, сары күзен, тиін, қоян, суыр, өзен құндызы), құстар (саңырау құр, құр, сұр құр, шіл, ұлар, қырғауыл, бөдене, кекілік, қаз, үйрек, шалшықшылар, қасқалдақ, кептер).
Жыл сайын балық популяциясын сақтау мақсатында табиғат пайдаланушылармен су айдындарында балықтандыруды ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.