2026 жылдың 13 қазанында Түпқараған ауданының аумақтық сайлау комиссиясында жиын өтті.
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында белгілі болды. ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман сайлауды тағайындау туралы қаулы жобасын таныстырды. Комиссия тиісті қаулыны қабылдады.
Қабылданған қаулыға байланысты Түпқараған ауданының аумақтық сайлау комиссиясында жиын өтті.
Жиынды ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Меңдіханов жүргізіп, 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын таныстырды.
Айта кетейік, алдағы сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығы негізінде өткізіледі.
«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабының 3-тармағына сәйкес, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы олардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Алдағы сайлау аясында 228 мәслихаттың 3447 депутатын сайлау жоспарланған. Оның ішінде 668 мандат облыстық, 626 мандат қалалық және 2053 мандат аудандық мәслихаттарға тиесілі.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
ЖАҢАЛЫҚТАР МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ
көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы
Материал 1.
Ресми жаңалық. Алаңдар: уәкілетті органның сайты, салалық портал, республикалық БАҚ, әкімдіктердің, басқармалардың сайттары
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізіледі.
Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабатына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқарудың таңдалған нысанына қарамастан, ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлерді және басқару нысаны әлі анықталмаған үйлерді қоса алғанда, үйлер жатады.
Әрбір үйде тізілімде бірыңғай кілт бар — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштер, Үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі туралы мәліметтер, желілер мен есептеу құралдарына қосылу туралы деректер «бекітіледі».
Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Олар деректерді беруге міндетті ұйымдардың шеңберін анықтады: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері, басқа басқару субъектілері.
Меншік иелерінің дербес деректері-тегі, жеке сәйкестендіру нөмірлері, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер-түгендеу кезінде жиналмайды.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тізілім не береді: лифттерді күрделі жөндеуге және ауыстыруға арналған үйлердің нақты тізімдері, үйлердің есепке алу құралдарымен жабдықталуының нақты деңгейін түсіну, орташаланған бағалаулар емес, нақты деректер негізінде желілерді жаңғыртуға өңірлердің қажеттілігін есептеу. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде есептеудің дұрыстығы ПИК пен МИБ, басқарушы компаниялар арасында атқарушылық құжаттаманы жүргізу және жұмыс тәртібін арттырады
-------------------------------------------------------------------------------------------------------.
Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлескен басқарудағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жіберіледі.
Құрметті аудан тұрғындары!
28 шілде 2026 жылы Түпқараған ауданы көлемінде "Антитеррор-2026" оқу-жаттығу басталғанын хабарлаймыз. Жаттығу барысында мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу дағдылары пысықталады.
Аудан тұрғындарына оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын алуларын және ҚР ӘҚбК 443 бабына оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлірінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Құрметті аудан тұрғындары мен қала қонақтары!
2026 жылғы 20-29 сәуір аралығында аудан аумағында әскери-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтеді.
Оқу-жаттығу барысында әскери техника мен жеке құрамның қозғалысы күшейтіліп, кейбір аумақтарда уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде шартты дабыл белгілері, дыбыс эффектілері қолданылуы ықтимал.
Осыған байланысты тұрғындардан сабырлық сақтап, түсіністікпен қарауды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз. Белгіленген шектеулерге бағынуларыңызды, арнайы қызмет өкілдерінің заңды талаптарын орындауларыңызды өтінеміз.
Құрметті сайлаушылар!
Сіздің қай референдум учаскесінде тіркелгендігіңізді және оның нөмірі мен орналасқан жерін https://man.saylaw.kz/ сайтынан, https://t.me/man_saylaw_bot/ телеграм-каналынан көруіңізге болады. Ол үшін Сізге көрсетілген жолға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізу қажет.
Жоғарыда аталған платформалардан өз деректеріңіз жөнінде ақпарат таба алмаған жағдайда тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті әкімдіктердің CALL-орталықтарына хабарласу қажет
|
№ |
Қалалар мен аудандар |
Орналасқан орны
|
CALL-орталықтардың нөмірлері |
Жауапты тұлғаның Т.А.Ә.
|
|
7. |
Түпқараған ауданы |
Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, Түпқараған ауданының әкімдігі |
8 72938 222 90 |
Ізбергенова Ақгүлім Дәлуғалиқызы бас маман, Бек Күнсұлу Жеңісқызы бас маман, Әдиетов Сәкен Көпжасарұлы, бас маман |
Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының «Дүниежүзілік сайлау күніне» байланысты атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды отырысы өтті.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Меңдіханов Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қағидаттары бойынша іс-шара өтті.