Меню

Страницы

Статья

Жас тұлпар - 2026

OTPANNEWS.KZ. - Байқауға 18 бен 34 жас аралығындағы, облыста кемінде бес жылдан бері тұратын Қазақстан азаматтары қатыса алады. Жеңімпаздарға 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық, диплом, арнайы мүсінше мен төсбелгі табысталады.
Премия кәсіби еңбегімен және қоғамдық қызметімен көзге түскен, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген жастарға беріледі. Биыл жеңімпаздар 12 номинация бойынша анықталады.
Олардың қатарында «Үздік жас ғалым», «Үздік жас мұғалім», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас кәсіпкер», «Жас көшбасшы», «Бейбіт күннің батыры», «БАҚ саласының үздік жас қызметкері», «Жас дарын», «Ауылдың үздік жас маманы», «Үздік жас спортшы» және «Қайсар жас» номинациялары бар. Сондай-ақ «Үздік жас маман» номинациясы бойынша да үздіктер марапатталады.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер өз атынан немесе мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың ұсынуымен өтінім бере алады. Бұған дейін «Жас тұлпар» премиясын иеленгендер биылғы байқауға қатыса алмайды. Әр үміткер тек бір номинация бойынша бақ сынайды.
Өтінімдер 2026 жылғы 10 қазаннан 10 қарашаға дейін қабылданады. Құжаттарды Ақтау қаласындағы 6-шағынауданда орналасқан «Жастар үйінің» 17-кабинетіне қағаз түрінде тапсыруға болады. Онлайн өтінімдер marzhan.orynbasarova1990@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 7 701 336 06 12 нөміріне, Маржан Орынбасароваға хабарласуға болады.
Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы