Меню

Страницы

Статья

Азамат құқығы – басты назарда

Азамат құқығы – басты назарда.

Мемлекеттік қызметтердің сапасы – азаматтардың мемлекетпен тікелей байланысының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қызметтің уақытылы әрі заң талаптарына сәйкес көрсетілуі, оның қолжетімділігі мен ашықтығы – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін қалыптастыратын негізгі факторлар.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде азаматтарға бағытталған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Қазіргі әлемдік практикада мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделі айтарлықтай белсенді дамуда.

Мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына бағытталған моделінің негізінде бір жағынан, ел азаматтарының, екінші жағынан, мемлекеттік қызметтің өзара міндеттемелерін бекітетін нормалар қамтылады. 

Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қызмет көрсету процестерін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Бақылау – бұзушылықты анықтау ғана емес, оны болдырмау.

2026 жылдың 9 айында Департамент тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында 22 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 11 жоспарлы тексеру, 10 азаматтардың өтініштері негізінде жүргізілген тексеру және сыртқы байқау нәтижесі бойынша 1 жоспардан тыс тексеру бар.

Бақылау шаралары барысында бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Олар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты болды.

Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 55 нұсқау мен ұсынымды қамтитын 22 нұсқама енгізілді.

Заңнама талаптарын бұзудың алдын алу және жауапкершілікті қамтамасыз ету де назардан тыс қалған жоқ. Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзған жағдайлар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданып, тиісті айыппұлдар салынды. Салынған айыппұлдар толық өндірілді.

Сонымен қатар заңнама талаптарын бұзғаны үшін 55 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қызмет алушының құқығы – басты басымдылық.

Департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі – азаматтардың мемлекеттік қызмет алу кезінде бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.

2026 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты келіп түскен өтініштердің 16-сы тексеру жүргізу арқылы, ал 67-сі сұрау салу тәртібімен қаралды.

Нәтижесінде 29 арызданушының уәждері өз дәлелін тауып, қызмет алушылардың құқықтары қорғалды.

Олардың ішінде ең көп өтініш жер қатынастары, геодезия және картография саласына қатысты – 23 өтініш. Сонымен қатар құжаттандыру саласында – 2, денсаулық сақтау және медицина саласында – 2, білім беру саласында – 1, мүлікке құқық мәселесі бойынша 1 өтініш бойынша азаматтардың құқықтары қорғалды.

Бұл көрсеткіштер әрбір азаматтың мәселесіне жеке мән беріп, оның заңды құқықтарын қалпына келтірудің маңыздылығын көрсетеді.

Қашықтықтан бақылау және қоғамдық мониторинг.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылаудың заманауи тетіктері де кеңінен қолданылуда.

Сыртқы байқау, яғни мемлекеттік қызмет көрсету орындарына тікелей бармай, қашықтан жүргізілетін бақылау нәтижесінде де бірқатар бұзушылықтар анықталды. Анықталған кемшіліктер орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңнама талаптарын сақтауына қатысты болды.

Сонымен қатар ішкі бақылау шараларыда жүйелі түрде жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Департамент тарапынан ұсыным жолданды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобының 3 отырысы өткізіліп, 21 ұсыныс енгізілді.

Бұдан бөлек, Департамент үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде, әлеуметтік қорғау бөлімдері мен білім беру ұйымдарында қоғамдық мониторинг жүргізуде.

Мониторинг жұмыстарына ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысады. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қоғамдық бақылауды күшейтіп, анықталған мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік береді.

Түсіндіру жұмысы – алдын алудың тиімді жолы

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда азаматтарға өз құқықтары мен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндірудің маңызы зор.

2026 жылдың 9 айында мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша 126 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер мен брифингтер ұйымдастырылды.

«Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 13 жобасы жарық көріп, «Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасы аясында 3 семинар өткізіліп, 59 тыңдаушы қамтылды.

Ал «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы жыл басынан бері 2 рет өткізіліп, 140 азаматқа мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Департаменттің қызмет алушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат 68 ақпараттық ресурста жарияланып 3 телесюжет жарық көрді.

Цифрлық мүмкіндіктер – азаматпен кері байланысты күшейтеді

Азаматтардың мемлекеттік органдармен кері байланысын қамтамасыз етуде цифрлық құралдардың да маңызы артып келеді.

2024 жылғы сәуір айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан «EgovKzBot2.0» Telegram-бот платформасы арқылы азаматтар өз мәселелерін жолдап, қажетті түсіндірмелер ала алады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бот арқылы 50 жолданым келіп түсті. Барлық жолданым бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көтерілген мәселелер өз шешімін тапты.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бағытында жүйелі талдау жүргізілуде. Бизнес-процестерді талдау нәтижесінде 30 бастамашылық ұсыныс әзірленді. Оның 9-ы құқықтық реттеуді жетілдіруге, 12-сі автоматтандыру мен техникалық мүмкіндіктерді дамытуға, 9-ы мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіруге бағытталған.

Жалпы, 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылаумен ғана шектелмей, азаматтардың құқықтарын қорғау, анықталған кемшіліктердің алдын алу, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және қызмет көрсету процестерін жетілдіру бағыттарын қамтыды.

Азаматтың мәселесін тыңдау, оның құқығын қорғау және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – мемлекеттік орган жұмысының басты нәтижесі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

 

Тоқтамыс Жұмағұлов

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

 

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы