Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметінің мерзімі қысқартылды

Тұрғын үй көмегін тағайындау 
қызметінің мерзімі қысқартылды
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және оларды көрсету тәртібін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар енгізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Департаментпен «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету мерзіміне қатысты сәйкессіздікті жою жөнінде ұсыныс берілді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қағидаларының 2-тарауының 13-тармағында құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық топтамасы келіп түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайтыны көрсетілген.
Сонымен қатар, аталған қағидалардың 2-қосымшасының 3-бөлімінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні ретінде белгіленген. Осылайша, бір нормативтік құқықтық актінің өзінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қатысты әртүрлі мерзімдер көрсетілген.
Осыған байланысты, Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету мерзіміне қатысты Қағиданың 2-тарауының 13-тармағы мен 2-қосымшасының 3-бөліміндегі сәйкессіздіктерді жою жөнінде ұсыныс енгізілді. Ұсыныста мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі арасындағы қайшылықтарды жойып, нормативтік құқықтық актінің барлық нормаларын өзара сәйкестендіру қажеттігі көрсетілді.
Нәтижесінде ұсыныс қолдау тауып, тиісті өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі бойынша нормативтік құқықтық актілер мен ақпараттық жүйедегі мәліметтер өзара сәйкестендіріліп, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 (алты) жұмыс күні болып белгіленді.
Аталған ұсыныстың іске асырылуы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіндегі құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың жұмысын өзара үйлестіріп және азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындауы мүмкін түсініспеушіліктердің алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті
Дата публикации
16 июня 2026
Дата обновления
16 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы