Меню

Страницы

Статья

Қозы Көрпен – Баян сұлу күніне орай Маңғыстау облысында некені тіркеуге 15 өтініш түсті

Қозы Көрпен – Баян сұлу күніне орай Маңғыстау облысында некені тіркеуге 15 өтініш түсті

 

 

 

Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде ұлттық ғашықтар күні – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні атап өтіледі. Бұл мереке елімізде 2011 жылдан бері тойланып келеді. 

Осы атаулы күнге орай биыл «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 15 өтініш түсті. Некелесушілер саны бойынша Ақтау және Жаңаөзен қалалары, сондай-ақ Мұнайлы ауданы көш бастап тұр.
         Жалпы 2026 жылдың І тоқсанында Маңғыстау облысы бойынша 803 неке тіркелді.

Айта кетейік, неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері арқылы, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн форматта беруге болады. Мемлекеттік қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысы бойынша АХАТ басқармасы Ақтау қаласы, 34-шағын аудан, 9-ғимарат, «Достық үйі» жанында орналасқан. Қала және аудандық бөлімдердің өзекті мекенжайлары төменде көрсетілген.

АХАТ бөлімдерінің мекенжайлары:



  • Ақтау қаласы – 34 ш/а, 9 ғимарат, «Достық үйі»
    • Жаңаөзен қаласы – Сәтбаев көшесі, 1А, «Неке сарайы»
    • Мұнайлы ауданы – Маңғыстау селосы, 24-квартал, 10/3
    • Қарақия ауданы – Құрық селосы, Сәтбаев көшесі, 209
    • Маңғыстау ауданы – Шетпе селосы, Орталық көшесі, 46
    • Түпқараған ауданы – Форт-Шевченко қаласы, Н. Ондасынов көшесі, 51
    • Бейнеу ауданы – Бейнеу селосы, Қосай Ата көшесі, 4/6
Дата публикации
16 апреля 2026
Дата обновления
16 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы