Меню

Страницы

Статья

Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды

Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды

2026 жылы Қазақстандағы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне 105 жыл толады. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде өмірлік маңызды оқиғаларды тіркеу жүйесі қағаз кітаптардан цифрлық сервистерге дейін дамыды.

Қазақстандағы АХАТ жүйесі елде және ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып қызметтерін электрондық форматқа көшіруді бастады. Ғасырдан астам уақытта жинақталған миллиондаған акт жазбасы цифрлық жүйеге енгізіліп, өмірлік маңызды мәліметтер электрондық сервистер арқылы қолжетімді болды. Нәтижесінде азаматтар құжат көшірмесін алу немесе некені тіркеу қызметін елдің кез келген өңірінде рәсімдей алады.

Бүгінде АХАТ жүйесі елдің барлық өңірін қамтиды. Қазақстан бойынша 200-ден астам бөлімде 800-ден аса қызметкер еңбек етеді. Олардың жұмысының ауқымы да айтарлықтай. Мәселен, 2025 жылы елімізде 330 мыңнан астам туу және 110 мыңнан астам неке тіркелді. Биыл да оң динамика сақталып отыр: жыл басынан бері 50 мыңға жуық туу және 14 мыңға жуық неке рәсімделген.  

Сонымен қатар қазіргі АХАТ жүйесі тек цифрлық қызметтермен ғана шектелмей, салтанатты тіркеу дәстүріне де ерекше мән береді. Мәселен, 2025 жылы еліміз бойынша 5 мыңға жуық салтанатты неке және 400-ден астам салтанатты туу тіркеуі өткізілді.

«105 жыл ішінде АХАТ жүйесі қағаз құжаттардан заманауи цифрлық қызметтерге дейінгі үлкен даму жолынан өтті. Бай тәжірибені жаңа технологиялармен ұштастыра отырып, біз жүйені одан әрі жетілдіруді жалғастырып келеміз. Бүгінде баланың туу туралы куәлігін проактивті түрде рәсімдеуге, ал мобильді қосымшалар арқылы некені тіркеуге өтініш беруге мүмкіндік бар. Қазіргі қарқынды өмір ырғағында мұндай жаңашылдықтар азаматтардың уақытын үнемдеп, мемлекетпен өзара іс-қимылды жеңіл әрі ыңғайлы етеді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

АХАТ жүйесінің 105 жылдығына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, сала қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді. Республика бойынша 44 қызметкер «Мемлекеттік корпорацияға 10 жыл» төсбелгісімен марапатталды. 20 маман Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасының алғыс хаттарын алды. Сондай-ақ 26 қызметкер құрмет грамоталарымен марапатталды. Оның ішінде 5 қызметкер ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, ал 21 қызметкер Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің басқарма төрағасының марапаттарына ие болды.

Дата публикации
06 марта 2026
Дата обновления
06 марта 2026
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Азамат құқығы – басты назарда
14 октября 2026
Жас тұлпар - 2026
05 октября 2026
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды

Социальные медиа

Түпқараған ауданы әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы